Аграршыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

ҚазАқпарат. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев агро-өнеркәсіп кешені еңбеккерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
«Агроөнеркәсіп кешені еңбеккерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Бұл – Қазақстанның экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар сала. Ауыл шаруашылығына озық технологияларды енгізіп, сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру – мемлекеттің басты міндеті» деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында. 

Еске сала кетсек, қарашаның үшінші жексенбісінде ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні аталып өтеді. 
Ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесін атап өту дәстүрі кеңес заманынан бері сақталған. 1988 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен қарашаның үшінші жексенбісі Ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні деп бекітілген. 
Тәуелсіз Қазақстан дәстүрді сақтап, 1998 жылы мерекені атап өту датасын заңнамалық деңгейде қарашаның үшінші жексенбісіне бекіткен. Кәсіби мерекені қазақстандықтармен бірге Украина және Беларусь елдерінің ауыл шаруашылығы қызметкерлері де атап өтуде.
Пікір қалдырыңыз