«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы Түркістанда таныстырылды
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Б. Тлепов Түркістан облысының
зиялы қауым өкілдерімен және мемлекеттік қызметкерлермен кездесіп «Ұлттық
рухани жаңғыру» жобасының міндеттері мен жүзеге асу тетіктерімен таныстырды.
Жобаның негізгі мақсаты – ұлттық мәдени бірегейлікті сақтау және мәдени
өнімдерді ынталандыру, олардың сапасы мен алуан түрлілігін арттыру арқылы әрбір
қазақстандықтың көркемдік-шығармашылық әлеуетін іске асыру, сондай-ақ жас
ұрпақтың бойында рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.
Жоба негізгі үш
бағыттан тұрады, 7 міндет, 21 көрсеткіш және 66 ауқымды іс-шара көзделген. Бірінші.
«Рухани жаңғыру» құндылықтарын ілгерілету және мемлекеттік тілді дамыту»
бағыты. Бұл бағыт бойынша 38-іс шара, 8 көрсеткіш көзделген. Екінші «Ел Рухы» бағыты
– мәдениет саласында қолжетімділік пен сапаны арттыру, 13 іс – шара мен 5 көрсеткішке жету жоспарланған. Үшінші.
«Тәуелсіздік ұрпақтары» бағыты. Бұл – жастар
үшін жаңа мүмкіндіктер ашу және оларды қоғамдық пайдалы істерге тарту міндеттерін қамтиды. Бұл бағыт бойынша 15 жалпыұлттық ауқымды
іс-шара мен 8 нақты көрсеткішке жету жоспарланған
Кездесу соңында Б.Тлепов Ұлттық жобаның маңыздылығын
ескеріп ақпараттық-түсіндіру жұмысты жандандыруды тапсырды.