Адамнан руханият кеткен күні азғындай бастайды

Коронавирус пандемиясы күллі адамзатты төрт қабырғаға қамап қойды десе де болғандай. Жарайды, ересектер індет қаупін, вирустан сақтану үшін әлеуметтік оқшауланудың мән-маңызын түсінер, алайда, балаларға орасан зор қауіпті қалай түсіндірерсің?! Балаларымыздың «Сыртқа шыққым келеді! Далада ойнағым келеді! Неге шығармайсыздар? Балабақшаға, мектепке барамын» деген сан сауалына қалай жауап береміз? Баламен қазіргідей карантиндік шектеулер кезінде қалай әңгімелесеміз? Баланы тәртіпке үйретерден бұрын өзімізді қалай тәрбиелегеніміз жөн? Көбімізді осындай сұрақтар мазалайды. Осы орайда отбасы, ата-ана мен бала, жалпы, карантиндегі отбасы өмірі, қоғаммен қатынас, отбасы мүшелерінің рухани дамуы тежеліп қалмауы үшін не істеуіміз керек? Мұндай жағдайда рухани құлдыраудың қалай алдын алуға болады?  
Рухани жаңғырудың түпкі мәні – халықтың өз тамырын тауып, жеке адамның тұлғаға айналуы. Әр заманның өз міндеті, ұрпаққа қояр талабы бар десек, мемлекеттің дамуы  ұрпақтың уақыт талабына сай бейімделіп, мәдени ортаға қалыптасуға деген ұмтылысына байланысты. Бұл орайда ұлы Абайдың «Қара сөздерінің» мәні зор.
«Адамзат баласының алдында үш міндет тұр: бірі – бейбітшілікті, екіншісі – руханиятты, үшіншісі – табиғатты қорғау hәм сақтап қалу. Бұлардың қай-қайсысы да біздің тіршілігіміздің басты бағдары. Бір-бірін толықтыратын ұғымдар. Осы үш бастауға Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің болашағы байлаулы» – деп Елбасы айтқандай, адамзат баласының өмірінде осы үш фактордың орны ерекше. Мұның ішінде, әсіресе, ең маңыздысы – руханият. Себебі, адамнан руханият кеткен күні оның азғындауы басталады. Рухы бай адам айналасын тәлім-тәрбиеге, білімге, адамгершілікке үндеп, болашақ ұрпақтың өн бойына рухани азық сіңіруге тырысады. Өйткені, тәлім-тәрбиенің, адамгершілік қасиеттердің адам өмірінде алар орны ерекше.
Атақты ғұлама ғалым, әлемнің екінші ұстазы атанған әл-Фарабидің де «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген аталы сөзі бар. Осыдан-ақ тәрбиенің адам өміріндегі маңызын білуге болады. Осы тұрғыдан келгенде, Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздері халықты рухани бай болуға шақырып, адамгершілікке үндейді. Оңайдан қиынға, жақыннан жыраққа, арзан күлкіден ойлы өмірге жетелей түседі. Адамды бақытқа жеткізетін ілім-білімді игеру жасы келген кісілерге қарағанда жастарға оңайырақ. Ендеше, білімге ұмтылған жастар ұлы ақынның рухани өсиеттерін естерінен шығармағандары абзал.

Нағима ТӨРЕЕВА,
№88 дарынды жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Шымкент қаласы.

1 пікір

  • Sarah Sliverman
    Sarah Sliverman

    FINALLY I GOT MY LOST BITCOIN BACK ALL THANKS TO LOST RECOVERY-MASTERS Hello people, I am Sarah Silverman an Actress from Independent films in the USA. I highly recommend the service of Lost Recovery Masters to everyone who wishes to recover lost money either bitcoin or other cryptocurrencies from these online scammers, wallet hackers, or if you ever sent bitcoins to the wrong wallet address. I was able to recover my lost bitcoins from online swindlers in less than 24 hours after contacting them. They are the best professional hackers out there and I’m truly thankful for their help in recovering all I lost. If you need their service too, here is their contact information. Email: Support@lostrecoverymasters.com Website https://lostrecoverymasters.com/

Пікір қалдырыңыз