Тәрбие көзі – тарихымызда
Жалпы, «Рухани жаңғыру» идеясы ұзақ мерзімге жоспарланған жоба. Елбасы осы жобаны жүзеге асыру арқылы халықтың санасын жаңғыртып, өркениетті қоғам құруды көздеп отыр. Бұл ретте жастарға үлкен жауапкершілік артылып отырғанын айта кету керек. Ата-бабадан қалған осынау ұлан-байтақ жерді, тіл мен дәстүрді, ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалу өз алдына, қазіргі ұрпақ Қазақстанды әлемдегі ең дамыған елдердің қатарына шығаруы тиіс. Ал, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы – осы міндетті жүзеге асыруға сеп болатын басты құрал.
Ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға қай пәннің болса да ыңғайы мен мүмкіндіктері мол. Әсіресе, технология сабақтарында оқушыларды қолөнерге үйретудің маңызы зор. Келешекте жүнді пайдалану арқылы киіз басу, сырмақ сыру, текемет, алаша және ұлттық киімдер мен кілем тоқу сияқты күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпай келе жатқан дәстүрлі колөнер үлгілерін жаңаша әдіс-тәсілдер арқылы үйрету жастарды еңбексүйгіштікке, әсемдікке талпындырып, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге баулиды. Оның үстіне ұлттық колөнер өзінің тарихы терең, мазмұны сан қилы ерекшеліктерімен болашақ жастарға рухани, эстетикалық, эмоционалдық, интеллектуалдық тұрғыда әсер етіп, олардың тұлғалық және сапалық қасиеттерін дамыта түсері сөзсіз. Жоспарға сәйкес, барлық білім беру мекемелеріне «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасымен жұмыс істеу және үгіт-насихат жұмысын жүргізу бойынша жылдық, айлық жоспар таратылып, Қ.Аманжолов және Шардара мектеп-лицейінің базасында кеңейтілген жиналыстар өткізіліп, бағдарламаның мақсаты мен міндеттері кеңінен түсіндірілді.
Жастардың бойына өз еліне деген мақтаныш пен Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға бағытталған тәрбие сағаттарын тұрақты түрде өткізу, жастарды тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарға экскурсиялар ұйымдастыру жұмыстары мектеп жоспарына сәйкес өткізіледі. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде қабылданған «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының мақсаты – біртұтас ұлттың бәсекеге қабілетті, белсенді тұлғасын қалыптастыру, болашақтың іргетасы – тәрбие мен білім беру. Бағдарлама негізінде барлық білім беру мекемелерінде 3 бағыт бойынша «Өлкетану», «Отаным – тағдырым» және «Саналы азамат» жобалары жүзеге асырылды. «Өлкетану» базалық жобасы бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. Рухани құндылық және практикалық бағдар беру білім алушылардың оқу пәндері арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ әртүрлі сабақтан тыс факультативті сабақтар, үйірмелік жұмыстар өлкені тануға ықпал етеді.
Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс. «Туған өлке тарихы» бағыты бойынша білім беру ұйымдарында факультатив сабақтар, арнайы курстар, үйірмелер бойынша мұражайларға, мәдени-тарихи өлкеге экскурсиялар ұйымдастыру жұмыстары жалғасуда. «Отаным – тағдырым» атты базалық жоба аясында жастардың бойында азаматтық, патриоттық рухты дамытуға байланысты балаларға ұлттық тәрбие беру, бойларына патриоттық сезім ұялату мақсатында түрлі шаралар өткізілуде. Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектептерде туған жер тарихын танытудан басталады. «Саналы азамат» базалық жоба бойынша олардың мүмкіндіктері, қабілеттері мен талаптарын ескере отырып, білім беру барысында жастарға болашақ мамандық таңдау үшін жағдай жасау, кәсіптер мен мамандықтар бойынша ақпараттандыру және кәсіби білім алу міндеттерін қамтиды. Бәсекеге қабілетті, прагматикалық, патриоттық және белсенді халықты қалыптастыру үшін «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы білімге құштар, табысты болашақтың негізін құрайды. Кіші бағдарламаның мақсаты мұғалімдерді, студенттерді, ата-аналарды, бизнес-құрылымдарды, мемлекеттік мекемелерді тарту арқылы салауатты прагматизмді оқыту және өмірдегі білімін тәжірибеде қолданып, халықаралық талаптарға сай білімге қол жеткізу болмақ.
Бекболат ТҰРЫМБЕТОВ,
М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың ветеринарлық медицина кафедрасының аға оқытушысы,
ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы.
sonisvbmnm
МЕНІҢ КУӘЛІМДІ ОҚЫҢЫЗ Менің атым Алия Ахмед, қазақстандық, жалғыз басты, күйеуім қайтыс болғанға дейін бізге сонша қарыз қалдырды, мен қатты қарызды қалай өтерімді білмей, абдырап қалдым. Бір күні интернетті ақтарып отырып, мен Мариямның Albaker несиелік фирмасының несие алуға қалай көмектескені туралы куәлігін көрдім. Сондықтан мен компанияның поштасы арқылы 5 жылға 85 000 доллар несие алуға өтініш бердім ( albakerloanfirm@gmail.com ). Мен үшін не істегенін әлем білсін, мені таң қалдырды, 48 сағаттан аз уақытта менің несием 2% пайыздық мөлшерлемемен бекітілді. Қазір күйеуімнің қарызын өтеп, жеке өмірімді, бизнесімді бастадым. Мен жай ғана уәдемді орындадым. Сонымен, кем дегенде 2% несиенің кез келген түрін алғыңыз келсе, Albaker несиелік фирмасына оның электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз ( albakerloanfirm@gmail.com )