Тазалық – денсаулық кепілі

«Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – бұл әрбір азаматтың басты міндеті.
Таяуда аудан әкімі М.Отаршиевтің бастамасымен аудандық деңгейде тазалық жұмыстары жүргізілді. Оған бюджеттік мекеме қызметкерлерінен бөлек, ауыл тұрғындары да бір кісідей атсалысты. Тоғыз жолдың торабы болған Сарыағаш ауданында республикалық, облыстық маңызы бар автожолдың жағасы толығымен тазартылды. Сонымен қатар ішкі көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстарды тазалау, қураған ағаш бұталарын кесу, талдарды ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Бұл шара тұрғындардың тазалыққа бей-жай қарамай, қоршаған ортаға қарым-қатынасын қалыптастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған. Алдағы уақытта аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өтетін тазалық жұмыстары апта сайын жалғасатын болады.
Г.НЫШАНҚЫЗЫ. Сарыағаш ауданы.