Төреқұлов төрге сүйреген әліпби

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деген болатын.

Мамандардың айтуынша, латын әліпбиіне көшкенде ұтатын тұстарымыз: бірінші, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Төртінші, түбі бір түркі дүниесі, негізінен латынды қолданды. Бізге ол елдермен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты күшейту керек.

Латын әліпбиіне көшу мәселесі өткен ғасырдағы қазақ зиялыларының арасында да тартысқа толы мәселе болғаны белгілі. 1923-1926 жылдар аралығында қазақ зиялыларының әліпби мәселесіндегі көзқарас, пікірлері екіге бөлінді. Дәлелге сүйенсек, 1923 жылдың ақпанында Нәзір Төреқұлов Ұлт істері жөніндегі Халық комиссариатының жанындағы араб әрпін өзгерту комиссиясының мәжілісін Мәскеуде өткізіп, Орта Азияны бірыңғай әліппеге көшіру үдерісіне белсене кірісті. Бірақ, Ахмет Байтұрсынов бастаған Алаш зиялылары бұл бастаманы құптамады. Олар араб графикасының өміршеңдігін алға тартты. Бір жыл өткен соң, 1924 жылы маусым айында Орынборда өткен қазақ білімпаздарының I съезінде Нәзір Төреқұлов: «Біз латын қарпін қазаққа күштеп алдырғалы отырғанымыз жоқ. Латын қарпін үйрену, жазу қазаққа тым пайдалы, жеңіл. Латын әрпін қазір аламын, үйренемін деушілерге бөгет болмасқа тиіс. Мектептегі оқушыларға таныстыру үшін осы бастан қазақ әліппесінің жанынан тіркеп, бір-екі әңгімелерді латын қарпімен жазып, балалардың көздерін үйрете беру керек» деп көпшілікке ой тастады. Бірақ, осы съезде ұлт зиялылары Ахмет Байтұрсыновтың ұсынған қазақ графикасын қабылдады.

Дегенмен, латыншаға өту үдерісі біршама баяулау болса да жүзеге асты. 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып келді. Ал, 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшу туралы» заң қабылданды.

Нәзір Төреқұлов латын әліпбиіне көшуде бастамашы ғана болған жоқ, сонымен қатар қабылданатын әліпбиді талқылаушылардың бірі, сыншысы бола білді. Ол латыншаға өтудің ғылыми дәйектемесін әзірледі. «Жаңа әліппе. Үлкендер үшін» кітапшасын жарыққа шығарды. Араб әріптеріндегі қазақ дыбыстарын толық қамтитын латын әліпбиі негізіндегі жаңа мінсіз әліпбиді ұсынды. Оның ортақ түркі әліпбиі мәселесіндегі ой-пікірлері осы күнде де маңызды деуге болады.

 

Айгүл ИСАБЕКОВА,  

Н.Төреқұлов музейінің қызметкері.

2 пікір

  • sonisvbmnm
    sonisvbmnm

    Несиені қалай алуға болатындығы туралы мәлімдемені оқыңыз. Сізге, Карен Линч, жалған несие берушіге бірнеше рет алданғаннан кейін бизнесіңізде несие алуға көмектескеніңіз үшін рахмет. Менің атым Алексдре Асылым. Мен бір күні досым мені сенімді несие компаниясымен таныстырды. Ол алдымен компаниядан несие алды, мен оған күмәндандым, бірақ мен көп ойланғаннан кейін мен тырыстым және көрдім, мен 75 000 еуро несиемді 24 сағат ішінде және өтініш бергеннен кейін алдым және мен сізге жақсы қызмет көрсету үшін келдім. сенімді несие компаниясы маған берді. Егер сіз жылдам және сенімді несиелік компанияны іздесеңіз, қосымша ақпарат алу үшін сенімді несие компаниясына хабарласыңыз: trustedloanfirm0@gmail.com. Рақмет сізге.

  • Sarah Sliverman
    Sarah Sliverman

    FINALLY I GOT MY LOST BITCOIN BACK ALL THANKS TO LOST RECOVERY-MASTERS Hello people, I am Sarah Silverman an Actress from Independent films in the USA. I highly recommend the service of Lost Recovery Masters to everyone who wishes to recover lost money either bitcoin or other cryptocurrencies from these online scammers, wallet hackers, or if you ever sent bitcoins to the wrong wallet address. I was able to recover my lost bitcoins from online swindlers in less than 24 hours after contacting them. They are the best professional hackers out there and I’m truly thankful for their help in recovering all I lost. If you need their service too, here is their contact information. Email: Support@lostrecoverymasters.com Website https://lostrecoverymasters.com/

Пікір қалдырыңыз