Керуен кетіп барады шөп тиеген...

Сабырбек ОЛЖАБАЙ, «Ońtústik Qazaqstan».

Бүгінде қуаңшылық жайлаған өңірлерге жем-шөп жеткізіп беру жөніндегі Құрмет Талапқазының бастамасы бүкілхалықтық қозғалысқа айналды. Еліміздің түкпір-түкпірінен көмек берушілердің және қолдаушылардың көбейіп келе жатқаны осы сөзімізге дәлел. Айталық, Шардара ауданындағы Қ.Тұрысбеков ауылдық округіндегі С.Әбдіраманов бастаған ауыл тұрғындары, мешіт жамағаты, сондай-ақ, «Шағалалы Шардара» қайырымдылық қоры 1000 бау шөп дайындаған. Шардаралық жомарт жандардың жиналмаған шөбі әлі де жеткілікті көрінеді. Алдағы уақытта олар бұл шөпті де  жинап, батыс өңіріне жөнелтуді жоспарлап отыр.

Арыс қаласында Әуелхан Назарқасым- ұлының бастамасымен «Қолғабыс» қайырымдылық қоры және еріктілер 10 вагон шөп әзірлеп отыр. Қала әкімдігі мен қалалық мәслихат және кәсіпкерлер күшімен вагон мәселесі де шешілді. Олардың бұл ұсынысын «Қазақстан теміржолы» АҚ  да қолдап отыр.

Ал, «Шағалалы Шардара» қайырымдылық қорының «Батысқа көмек!» атты керуені жолға шығып кетті. Олар бастама иесі Құрметті де өздерімен бірге ала кеткен. Кеше Арал тұсынан өткен оларға «сапарларың сәтті болсын!» демекпіз.
Пікір қалдырыңыз