Шөлейт жерден мол өнім

Келес ауданында «Н.Нұрсұлтан.Ә» кооперативі ағын су шықпайтын 26 гектар аумақты жер асты суы арқылы суаруды қолға алған. Бидай, қарбыз, картоп, құлпынай, қияр сынды өнімдерді еккен шаруашылық диқандары «Ұшқын» ауылдық округіндегі «су шықпайды» деген жерді игеріп, өз мақсатында ұтымды пайдаланып отыр.

«Өзбекстан елімен шекара аумағындағы бейтарап аймақтан Бозсу каналы ағып өтеді. Соны ескере келе жер асты суын жинайтын арнайы бассейн қаздырдық. Мұнда жиналған су қозғалтқыш (мотор) арқылы егістік алқапқа жіберіледі. Жаңбырлатып суару әдісін қолданып, барынша заманауи технологияларды енгізуге әрекет жасаудамыз» дейді шаруа қожалығының иесі Тұрлыбай Жоланов.

Осылайша шаруа ағын суды үнемдеудің ерекше тәсілін тапқан. Қожалық иесі биыл да мол өнім алуға ниеттеніп отыр.

Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

 

Пікір қалдырыңыз