Мемлекет басшысы шахматшы Жансая Әбдімәлікті жеңісімен құттықтады

Бұл туралы «ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды» деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы Жансая Әбдімәлікті ФИДЕ Гран-приіндегі тамаша жеңісімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жеңістің баршамыз үшін зор мақтаныш екенін айтты. Жансая – ерлер арасындағы гроссмейстер атағына қол жеткізген тұңғыш қазақстандық шахматшы қыз. Оның жетістігі елімізде осы спорттың дамуына тың серпін берері сөзсіз» делінген жазбада.

Еске сала кетсек, шахматшы Жансая Әбдімәлік ерлер арасындағы халықаралық гроссмейстер атанды. 22 мамыр мен 2 маусым аралығында өтіп жатқан әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-приінің ақтық кезеңінде жақсы нәтиже көрсеткені үшін осындай атаққа ие болды.

 

 

Пікір қалдырыңыз