Туған топырақ иісі

Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК, «Ońtústik Qazaqstan».

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жуырда қасиетті Түркістан қаласына жасаған сапарында Қазақ хандығына арналған мемориалдық кешеннің ашылу рәсіміне қатысып, «Ұлы дала бірлігі» нысанының капсуласын салған болатын.

Аталған капсулаға Қазақстанның барлық өңірлеріндегі киелі жерлердің топырағы салынған. Елбасының идеясымен қолға алынған бұл игі бастама жайында Сапар орталығының басшысы Ерасыл Төлебаев БАҚ өкілдеріне баяндады.

– Капсулаға еліміздің он алты өңірінің топырағы салынған, – деді ол. – Атап айтқанда, әйгілі Алтын адам табылған Есік қаласы, Маңғыстау жеріндегі Бекет ата, Бозоқ, Бурабай, Баянауыл сынды өзге де киелі жерлердің топырақтары бар. Қазіргі таңда бұл капсула Сапар орталығына қойылып, туристердің тамашалауына мүмкіндіктер жасалуда.

Сондай-ақ, ол Түркістан жеріне өзге де еліміздің киелі өңірлерінен азаматтардың көптеп келіп жатқандығын жеткізді. Көкше жерінен Абылай хан ұрпақтарының бірі топырақ әкеліп, Ясауи кесенесіне тәу етті. Бұл Түркістан жеріне көрсетіліп жатқан құрметтің тек бір парасы ғана. Алдағы уақытта кешен Қазақстанның өзге де киелі жерлерінен әкелінген жәдігерлермен толыға түспек.

Түркістан қаласы.

 

 

1 пікір

  • Passports, Visas, Driver's License, ID CARDS
    Passports, Visas, Driver's License, ID CARDS

    Government Database System..Email ( lifiben@gmail.com ) We Produce Passports,Drivers Licenses,ID Cards,Birth Certificates,Diplomas,Visas,SSN,Marriage Certificates,Divorce Papers,US Green Cards,University Degrees,Counterfeit Money,SSD Chemical Solution And Activation Banknotes dollar / euro Pounds Powder Used For Cleaning Coated Black Money, And Other Documents Cloned cards, Resident fullz and dumps For A Number Of Countries Email ( lifiben@gmail.com ) TEXT/CALL/WHATSAPP: 951-254-2452 https://clean-documents.com

Пікір қалдырыңыз