Көше баннерлерінде – үздік жауынгерлер

Әскери қызметшілердің суреттері бар баннерлер пайда болды.

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс Күні қарсаңында Шымкент қаласының көшелерінде мерзімді қызметтегі үздік әскери қызметшілердің суреттері бар баннерлер пайда болды.

 

Бұл жігіттер 2020 жылдың күзінде Шымкент қаласынан еліміздің Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарына шақырылып, еліміздің әр өңіріндегі әскери бөлімдерде қызмет етуде.

Әрбір баннерде әскери қызметшінің аты-жөнімен бірге, оның қай қалада, әскери бөлімде және қандай әскерде қызмет ететіні туралы ақпарат жазылған.

Қаланың қорғаныс істері жөніндегі департаментінде сарбаздарымыз өздерінің борыштарын сапалы әрі жауапкершілікпенорындап, ерлік пен батылдықтың үлгісі болыпжоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендерін атап өтті. Олар ата-аналарының мақтанышы және басқалар үшін ең жақсы үлгі.

Пікір қалдырыңыз