Түркістан автопаркі жаңа автобустармен толықты

Түркістан қаласына тағы да жаңадан SAZ LЕ-60 маркалы 10 автобус әкелінді. Алдағы екі ай көлемінде тағы да 20 автобус келеді деп күтілуде. Жаңа автобустар киелі шаһардағы қоғамдық көлік бағыттарының қатарын көбейтеді.

Мәселен, №18 бағыттағы көлік «Тұран ауылы – Әкімшілік іскерлік орталығы – Түркістан автовокзалы» аралығында (Қазыбек би көшесі, Б.Саттарханов даңғылы арқылы) қатынайтын болады. Жолаушыларға ескертеріміз, қоғамдық көліктің кешігуі, жүргізушілердің дөрекі сөйлеуі және басқа да жайттар орын алса, 109 байланыс нөміріне хабарласуға болады.

Айта кетейік, жақында дәл осындай үлгіде 20 автобус әкелінген болатын. Көлік сыйымдылығы 25 адамды тасымалдауға лайықталған. Салон желдеткіш және қоларбаға арналған пандуспен, электронды билет беру және үш бейнебақылау құрылғысымен жабдықталған.

 

Пікір қалдырыңыз