Ас атасы – нан

«2019 жылғы қыркүйекте Үкіметтің қаулысымен Қазақстан Республикасының мерекелік күндерінің тізбесіне толықтыру енгізілді, соған сәйкес 16 қазан – нан күні болып белгіленді» деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нан – халықтың ең маңызды және сүйікті тағамы. Барлық халықтарда нан ерекше құрметке ие және дастарқанның мәні мен сәні. Ал, Қазақстан үшін нан экспорттың негізгі бөлігі» деп мәлім етті Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Нан күні – астық және ұн өнімдерінің құрметін арттырып, қазақстандық диқандардың, ұн тартушылар мен наубайханалардың еңбегін елеу үшін арнайы белгіленді.

Бұл күні көптеген елдерде нан өнімдерінің түрлі көрмелері, аспазшылардың, наубайханалардың және кондитерлердің кездесулері, жәрмеңкелер, шеберлік сыныптар, халықтық серуендер, сондай-ақ, барлық мұқтаж адамдарға нанның тегін таратылуы, қайырымдылық акциялары және тағы басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады.

 

 

Пікір қалдырыңыз