Праймериз бүкілхалықтық сипатқа ие болды

Бүгінде бүкілхалықтық сипат алған праймеризге дайындықты тексеріп, партия белсенділерімен кездесу мақсатында «Nur Otan» партиясының хатшысы Арман Қырықбаев Түркістан облысына келді. Партия хатшысының сапары Отырар ауданынан басталып, Түркістан және Кентау қалаларында жалғасын тапты.

Арман Қырықбаев Отырар аудандық Мәдениет сарайында праймеризге қатысушылармен, Арыс ауылында «Отырар» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен жүздесіп, саяси науқанның маңызы туралы ой қозғады.

«Праймериз – партияның ішкі іріктеуі деп айтқанымызбен, айналып келгенде ол бүкілхалықтық сипатқа ие болды. Әлеуметтік желілерде, интернет кеңістігінде осы тақырып сөз болып жатыр. Елбасымыз, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев праймеризді әділ әрі жоғары деңгейде өткізуді тапсырды. Бәріміз сенім үдесінен шыға білуіміз керек. Еліміздегі әділеттіліктің салтанат құруы, барлық мәселенің дұрыс шешілуі, айналып келгенде, өзімізге байланысты. Сондықтан партияішілік праймериз ережеге сай әділ әрі ашық өтуі тиіс. Партия басшылығы баршаңыздан осыны талап етіп отыр. Белсенді, іскер азаматтарды қатарға қосып, елдік мәселелерге араласуына жағдай жасау – міндетіміз» деген Арман Оразбайұлы партияластардың сұрақтарына жауап берді. Кездесу барысында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев партия мүшелері праймеризге арналған бағдарламаға арнайы тіркеліп, олардың дауыс беруіне жағдай жасалып жатқанын баяндады. Бұдан кейін «Nur Otan» партиясының хатшысы Арман Қырықбаев Кентауда бастауыш партия ұйымы төрағаларымен және ұйымдастыру комитетінің мүшелерімен, сондай-ақ праймеризге қатысушылармен кездесті. Қаланың БПҰ төрағаларының праймеризге дайындықтарын тексеріп, көкейдегі ойларымен бөлісті.

«Nur Otan» партиясының праймеризіне Түркістан облысының жастары ерекше қызығушылық танытуда. Облыста 1144 үміткер тіркелсе, оның ішінде жастардың үлесі – 341. Бұл – жалпы қатысушылардың 29,8 пайызы.

«Nur Otan» партиясының хатшысы Түркістан жастарымен де еркін пікір алмасты. Түркістан қалалық филиалында ұйымдастыру комитеті өкілдерімен өткізген кездесуіне Түркістан қаласының әкімі, партияның қалалық филиалының төрағасы Рашид Аюпов және ұйымдастыру комитетінің өкілдері қатысты. Кездесуде Арман Қырықбаев партия филиалына бірқатар тапсырмалар жүктеп, ұйымдастыру барысындағы мәселелер жөнінде ой бөлісті.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі.

 

 

Пікір қалдырыңыз