Өңірімізде эпидемиологиялық ахуал тұрақтанды

Облыста коронавирустық инфекцияның расталған 2615 жағдайы тіркелді. Соңғы бірнеше күн бойы бір күндік өсім 0,9 пайызды құрап, эпидемиологиялық жағдай тұрақталды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен лездемеде айтылды.

Облыс бойынша соңғы 1 аптаның аралығында ауру жұқтыру көрсеткіші алдыңғы аптамен салыстырғанда 14,2 пайызға төмендеген. Яғни аурушаңдықтың төмендеу үрдісі байқалады. Індет облыстың барлық аудан, қалаларында тіркелген.

 Бүгінгі таңда облыс бойынша 2116 адам коронавирустық инфекциядан жазылып шықты. Инфекциялық стационарларда 124 науқас емделіп, симптомы жоқ 569 тасымалдаушы амбулаториялық ем қабылдауда.

 Облыс басшысы карантин режимі талаптарының қатаң орындалуын мониторингілеу бойынша мобильді топтың жұмысын жандандырып, қоғамдық орындарда дезинфекциялау жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

 

 

 

Пікір қалдырыңыз