Құрбан айт кезіндегі шектеулер қандай?

Түркістан облысы аумағында Құрбан айт мерекесі күндері коронавирустық инфекцияның алдын алу іс-шаралары туралы өңіріміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Н.Нышановтың қаулысы шықты. Онда Түркістан облысының қала, аудан әкімдері, Түркістан облысының полиция департаменті, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы, Түркістан облысының бас имамы

Құрбан айт мерекесін өткізу кезеңінде 2020 жылғы 31 шілдеден 2 тамыз аралығында тыйым салуға тиіс шектеулер туралы айтылған.

Атап айтқанда, меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жекеменшік үй иеліктерінде және медреселерде адамдар көп жиналатын іс-шаралар өткізуге;

– Түркістан облысы аумағында рұқсат етілмеген орындарда мал союды ұйымдастыруға және өткізуге, автокөліктерде және жеке үй иеліктерінде мал сатуға;

– 31 шілдеден 2 тамыз аралығында Түркістан облысының орталық мешітімен белгіленген құрбандық шалуды жүзеге асыратындарды қоспағанда, мал сою орындарының жұмысын тоқтатуға пәрмен берілген.

Сондай-ақ, қаулыда Құрбан айт мерекесін тойлау кезеңінде құрбандық шалуға онлайн режимінде Qurban2020.kz сайтына өтінім беру арқылы рұқсат беру, Құрбан айт мерекесін ұйымдастыру мәселелерін халыққа түсіндіру үшін Call-орталықтың жұмысын ұйымдастыру, осы жұмысқа тартылған адамдарды жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ете отырып, мұқтаж адамдарға тез бұзылатын өнімдерді (құрбан болған жануарлардың еті) тасымалдау және сақтау жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ережелер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мәселелері қойылған.

 

 

Пікір қалдырыңыз