КЕЛЕСТЕГІ МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ МӘСЕЛЕ ОҢ ШЕШІМІН ТАПТЫ

Мәселе үш күнде шешілген.

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты хабарлайды. 


"Nur Otan" партиясының Түркістан облысы Келес аудандық филиалына Алпамыс батыр ауылдық округі әкімінің міндетін уақынша атқарушы Д.Оразалиевтен ауыл округінің шекара маңында Өзбекстан Республикасы тарапында қоқыс полигоны түтеп, түтінге халықтың наразылығы туындап жатқаны және мәселені шешу бойынша хат келіп түскен.


Аталған хатта көтерілген мәселе бойынша аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары А.Жұмабековтың тарапы Өзбекстанның Ташкент ауданы әкімінің орынбасары Р.Хайдаровпен хабарласып, қоқыс полигонындағы түтінді тоқтату мәселесін көтерген.

Нәтижесінде бүгін Өзбекстан тарапынан келіп жатқан қоқыс полигонындағы түтін тоқтатылып, алда келеңсіздікті жою және қайталанбауы бойынша атқарылған жұмыстар жайлы аудандық филиалға фото және аудиожазбамен есеп жолданып, көтерілген мәселе оң шешімін тапты.

Пікір қалдырыңыз