«АДАЛ КӨМЕК»: ӘКІМДЕР – ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ
Алдағы уақытта «Адал көмек» жобасы аясында өңіріміздің 16 аудан, қала әкімдері мен 181 ауылдық округ әкімдері тікелей эфир тұрғындардың сұрағына жауап беретін болады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы 2020
жылды «Еріктілер жылы» деп жариялап, жалпы қоғам болып ел
азаматтарына көмек қолдау көрсету игі істердің бастауы екендігін тілге
тиек еткен еді. Осыған
орай, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен ел
аумағында халыққа құқықтық кеңес беру мақсатында «Адал көмек» жобасы іске
қосылған болатын.
Бүгінде Түркістан облысының қала, аудан әкімдері өңір тұрғындарын толғантқан
мәселелерге құлақ түріп, оны шешу жолында азаматтармен кері байланыс
орнатуға белсенділік танытып, танымал әлеуметтік желілер (Facebook,
Instagram) арқылы «тікелей эфирге» шығуда.
Мәселен, Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт тікелей эфирде аудан
аумағында кәсіпкерлікті дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарымен бөліссе, Шардара
қаласының әкімі Бекет Ережеп көше бойындағы жасыл желектерді күтіп ұстау және
санитарлық тазалық бойынша қойылған қала тұрғындарының сауалдарына
жауап берді.
Айта кетейік, алдағы уақытта "Адал көмек" жобасы аясында өңіріміздің
16 аудан, қала әкімдері мен 181 ауылдық округ әкімдері тікелей эфир
тұрғындардың сұрағына жауап беретін болады. Жобаның негізгі мақсаты - Мемлекет
басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру үшін
ашықтықты қамтамасыз ету, тұрғындарды алаңдатқан мәселелердің шешу жолдарын
қарастыру және заң аясында дұрыс бағыт-бағдар беру.
«Оңтүстік»-ақпарат.
Туралов Ескали
Кредит
Туралов Ескали
Ассалам алейкум мен кредид толеуге шамам келми каржы жагынан кыиналып жатырмын комек бере аластарма