Түркістан облыстық мәслихаты сессиясы төрағасының 2020 жылғы 6 мамырдағы №7 шешімі

Алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті қырық тоғызыншы сессиясын шақыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес 2020 жылғы 29 мамырда сағат 11.00-де Түркістан қаласында алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті қырық тоғызыншы сессиясы шақырылсын.

Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы М. Мейірманов.

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТА

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс халқының назарына!

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздердің назарларыңызға алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті қырық тоғызыншы сессиясы 2020 жылғы 29 мамырда сағат 11.00-де облыс әкімдігінің ғимаратында өтетіндігін жеткіземін, мекенжайы: Түркістан қаласы, әкімшілік-іскерлік орталығы (1-қабаттағы мәжіліс залы).

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 29 мамырда сағат 10.00-ден бастап зал фойесінде жүргізіледі.

Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:

Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының 2019 жылғы атқарған жұмыстары жөніндегі есебі;

Облыс әкімдігінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы жөніндегі есебі;

Түркістан облысы полиция департаментінің Түркістан облысында қоғамдық қауіпсіздікті және құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша атқарған жұмыстары туралы;

Түркістан облыстық мәслихаты хатшысының облыстық мәслихат қызметін ұйымдастыру, депутаттардың сауалдары мен сайлаушылардың өтініштері бойынша атқарылған жұмыстар және облыстық мәслихат аппаратының қызметі жөніндегі есебі;

Түркістан облысы мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының 2019 жылғы және 2020 жылдың І тоқсанындағы атқарған жұмыстары жөніндегі есебі;

Жастарды қолдау мен дамытуға бағытталған шаралардың атқарылуы жөніндегі Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының есебі;

Облыс әкімдігінің және облыстық тексеру комиссиясының 2019 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептері;

Түркістан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы;

Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №33/351-VI «Түркістан облысының халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №33/352-VI «Түркістан облысының облыс әкімдігі жанындағы мүгедектер ісі жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/448-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/439-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 желтоқсандағы №44/481-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық бірлігін қайта атау туралы;

Түркістан облысы Арыс қаласындағы шағын аудандарды қайта атау және атауы жоқ көшелерге атау беру туралы;

Алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті сессиясына төраға сайлау туралы.

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

Облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев.


Пікір қалдырыңыз