Соңғы қоңырауға ата-ана қатыспайды
Биыл соңғы қоңырау рәсімі тек 11 сынып оқушыларына ғана өтеді.
"11 сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру 3-4 маусымда өтеді" деп хабарлайды Түркістан облыстық білім басқармасы өзінің Facebook парақшасында.
-Қорытынды аттестаттау емтихандарының биыл өткізілмейтіні ескеріліп, бұл іс-шараны маусым айының басында өткізу туралы шешім қабылданды.
-Мереке аясында салтанатты түрде аттестаттар табысталады және мектеп түлектері үшін соңғы қоңырау соғылады.
-Іс-шара міндетті түрде мектеп аумағында, ашық алаңда, қонақтарсыз, тек бітірушілердің қатысуымен және санитарлық нормаларды сақтай отырып өтуі тиіс. Аттестат тапсыру рәсіміне мектеп формасында келу ұсынылады.
-Салтанатты бөлімнен кейін ағаш отырғызу акциясын өткізу жоспарланып отыр.
Кейінгі жылдары мұндай акция дәстүрлі түрде бұрынғыша 25 мамырға орай ұйымдастырылады.