Рұқсат қағаз алудан қапы қалмаңыз...

Түркістан облысында карантин режимі кезінде көктемгі дала жұмыстарын кедергісіз жүргізу алгоритмі бекітілді. Соған сәйкес облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы арнайы жоба әзірледі.
Ондағы мақсат
– шаруалардың облыс аумағында кедергісіз жүруін қамтамасыз ету. Ол үшін ауыл
шаруашылығы тауарын өндірушілер тұрғылықты жері бойынша аудандық ауыл
шаруашылығы бөлімінің тізіміне өзінің аты-жөнін, ЖСН және автокөлік нөмірін
енгізуі тиіс. Аудандағы ауыл шаруашылығы бөлімі жинақталған тізімді облыстық
ауыл шаруашылығы басқармасына жолдайды. Басқарма рұқсат қағазын әзірлейді.
Рұқсат қағаз (пропуск) аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің мөрімен расталып,
тиісті агроқұрылымдарға ұсынылады.
Жобада шаруалардың Шымкент қаласына
кіріп-шығу мүмкіндігі де қарастырылған. Ол үшін шаруалар аудандық ауыл
шаруашылығы бөлімінің тізіміне өзінің аты-жөнін, автокөлік нөмірін, ЖСН,
жүргізушінің мәліметін қоса ұсынуы қажет. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі жинақталған
тізімді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жолдайды. Ал, облыстық басқарма Шымкент
қаласы әкімдігінің ветеринария және ауыл шаруашылығы басқармасына тізімді
жолдап, «СЕРГЕК» базасына енгізуді қамтамасыз етеді.
Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар
қызметі.