БҰЛ КҮНДЕР ДЕ АРТТА ҚАЛАДЫ

Алдағы мақсат – елдегі бюджет шығындарын қысқарту, өңірлерде халықты жұмыспен қамтамасыз ету, т.б.

Бүгінде бүкіл әлем дағдарыстың алдында тұр. Оған себеп мұнай бағасының айтарлықтай төмендеуі. Осыған байланысты ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің және Мемлекет басшысына тікелей бағынышты органдардың жетекшілерімен кеңес өткізіп, онда әлемдегі қаржылық-экономикалық ахуал сөз болды. Оның Қазақстан экономикасына әсері жөнінде мәселелер талқыланды.

   Кеңесте Президент Үкіметке, Ұлттық банкке және басқа да мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар жүктеді. Премьер-министрдің тікелей басшылығымен Шұғыл әрекет ету штабы құрылғаны да белгілі болды. Олар дағдарысқа қарсы іс-қимылдар жоспарын әзірлейді. Алдағы мақсат – елдегі бюджет шығындарын қысқарту, өңірлерде халықты жұмыспен қамтамасыз ету, т.б.  Күннен-күнге мың құбылған заманда жағдай аяқ астынан өзгеріп шыға келуі де ғажап емес. Бәлкім «қара алтынның» бағасы қымбаттап кетер. Қайткен күнде де қажетті шешімдерді дер кезінде қолға алған мемлекетті  дағдарыс атаулы айналып өтуі тиіс. Мұндай сындарлы сәттер бұрын да болған. Бұл күндер де артта қалар. Ең бастысы, елімізде тыныштық пен бейбітшілік болсын.

Сағи ҚЫПШАҚБАЕВ,

Қазығұрт аудандық «Жастар ресурстық орталығының

инспекторы.

Пікір қалдырыңыз