«Маманнан кеңеске» волонтерлер белсенділік танытты
Маманнан кеңес сұраққа жауап берді
Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің
Шымкент қаласы бойынша департаменті «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен
бірлесе отырып "Маманнан кеңес" акциясын өткізді.
Халыққа білікті тегін заң көмегін көрсету және
азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруды мақсат еткен бұл шара аясында әртүрлі саладағы 20-дан астам маман
тұрғындарға кеңес берді.
Акция Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен
қамту орталығында өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияға қатысушы әрбір маманның міндеті барлық
азаматтарға құқықтық қолдау көрсетіп, түсіндірме жұмыстар жүргізу.
Шараға жиналғандар негізінен жер телімдеріне құжатты рәсімдеу, әлеуметтік көмекті алу, тұрғын үй, құқық қорғау қызметтері, сот шешімдері, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау сынды сұрақтарды жолдады.
Акция кезінде адвокаттар мен прокуратура, әділет,
мемлекеттік қызмет, мемлекеттік кірістер, полиция және денсаулық сақтау, білім,
тұрғын үй, жастар, кәсіпкерлік саласының өкілдері 400-ден астам қала тұрғынына
кеңес берді.
Сондай-ақ, халықты қабылдау процесін ұйымдастыруға
волонтерлер белсенді қатысып, олар тұрғындарды сұрақтарына байланысты қажетті
мамандарға бағыттап отырды.
«Оңтүстік»-ақпарат