Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

(үзінді)

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметтері үшін ел азаматтарының үлкен бір тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды.

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін мыналар наградталсын:

 

«Парасат» орденімен

Бекжанов Берік Айдарбекұлы – «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы;

Қаңлы Нұрмаханбет Әжіметұлы – қоғам қайраткері, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы;

Нұржанов Омарбек – еңбек ардагері, Түркістан облысының Жетісай ауданы;

Тұрысов Еркінбек – жазушы, Түркістан облысының Бәйдібек ауданы.

 

ІІ дәрежелі «Достық» орденімен

Қалыбекова Әселхан Әлшеріқызы – еңбек ардагері, Түркістан облысының Отырар ауданы.

 

«Құрмет» орденімен

Әбдиев Үмбет Жиенбайұлы – «Жетісай қосалқы мектеп-интернаты» КММ мұғалімі, Түркістан облысы;

Әбдіқадыров Әбдіхан – Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Түркістан қалалық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы;

Асанова Рахия Арынқызы – «Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы» ММ бөлім басшысы;

Ержігітов Сапарбек Аманқұлұлы – «DALA-FRUIT.KZ» ЖШС төрағасы, Түркістан облысының Сайрам ауданы;

Жүсіпов Еркін Наурызбайұлы – «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС директорының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы;

Қадырбеков Керімхан Жанысұлы – Түркістан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы;

Қапалбаев Ғабиден Заманханұлы – «Ел-Нұр-Г» ЖШС директоры, Түркістан облысының Бәйдібек ауданы;

Қарсыбаев Арман Романұлы – «Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директоры, Түркістан облысының Шардара ауданы;

Күнпейісов Мейрамбек Заманбекұлы – «№7 колледжі» МКҚК директоры, Түркістан облысының Кентау қаласы;

Курганов Хамракул Азатович – «Манкент шипажайы» АҚ бас директоры, Түркістан облысының Сайрам ауданы;

Нуруллаева Гүлчихра Қонысқызы – еңбек ардагері, Түркістан облысының Келес ауданы;

Сүттібаев Оралбай Үсіпбайұлы – Түркістан облысы Төлеби аудандық сайлау комиссиясының төрағасы;

Шынтасов Танабай Бектанұлы – «Сарыағаш жер сыйы» ЖШС директоры, Түркістан облысының Сарыағаш ауданы.

 

ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен

Абдраймов Серікжан Әділұлы – «Рысбек-Нұр» ЖШС шопаны, Түркістан облысының Бәйдібек ауданы;

Асан Тойлыбай Әбдіғаппарұлы – «Жақсығұл» ӨК жылқышысы, Түркістан облысының Қазығұрт ауданы;

Әбілдаев Нұрберген Нұрмаханұлы – «Таза су» МКК механизаторы, Түркістан облысының Ордабасы ауданы;

Дәуітов Мәлік Орынбекұлы – «Казатомпром-SaUran» ЖШС шебері, Түркістан облысының Созақ ауданы;

Назарбеков Құдайберген Ізтілеуұлы – «Кентау трансформатор зауыты» АҚ ұстасы, Түркістан облысы;

Сәлімбаев Ержан Ыдырысұлы – «Шардара су электр станциясы» АҚ слесарі, Түркістан облысы.

 

«Ерлігі үшін» медалімен

Мылтықов Ұлықбек Тұрғынұлы – Түркістан облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы;

Нәбиев Бақытжан Адырбекұлы – Түркістан облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы;

Тастанбеков Алмасхан Мәмбетұлы – Түркістан облыстық полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы.

 

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Әубәкіров Нартай Тұрғанбайұлы – жеке кәсіпкер, Түркістан облысының Отырар ауданы;

Әшірбаев Бахытжан Шәкірұлы – «Чернобыль ардагерлері және мүгедектері» РҚБ төрағасы, Шымкент қаласы;

Байтелиев Мұратбек Әмірбекұлы – «Нүрі-Л-Жетісай» ЖШС директоры, Түркістан облысы;

Далиева Асель Егізбайқызы – «Түркістан облыстық ұлттық спорт түрлерінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК жаттықтырушысы;

Дүйсебеков Бақтыбай Елікұлы – «Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ басшысының орынбасары;

Егізбаев Данияр Дүйсенбайұлы – «Қала құрылысын бақылау бойынша басқармасы» ММ бөлім меңгерушісі, Шымкент қаласы;

Ертаев Сырым Махамбетұлы – «Жарас-КZ» ӨК төрағасы, Түркістан облысының Қазығұрт ауданы;

Жүсіп Лесбек Мұңсызбайұлы – еңбек ардагері, Түркістан облысының Ордабасы ауданы;

Кабанова Елена Александровна – «Элитстройсервис-2005» ЖШС директоры, Түркістан облысының Кентау қаласы;

Клинова Инна Анатольевна – «Түркістан облыстық су спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ спортшысы;

Қарабаев Ержан Қошқарұлы – «Сая» ФҚ төрағасы, Түркістан облысының Шардара ауданы;

Қойбағаров Нұрлан Хамзатұлы – Түркістан облысы Төлеби аудандық мәслихатының хатшысы;

Мұсақұлова Жанат Байбекқызы – Түркістан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы;

Пашимов Марат Орымбасарұлы – «Облыстық клиникалық ауруханасы» МКК бас дәрігері, Түркістан облысы;

Сарбасов Еркін Өскенбекұлы – «Ақбаба-Сервис-Арыс» ЖШС директоры, Түркістан облысының Арыс қаласы;

Сатқанбай Күмісбек Маметуллаұлы – Түркістан облысы Ордабасы аудандық сайлау комиссиясының төрағасы;

Тасқұлов Смайыл Әбубәкірұлы – Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары;

Төлепбергенов Айдар Сыдығалыұлы – «Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ сектор меңгерушісі, Түркістан облысы;

Төлешев Бейбіт Асқарұлы – «Көктал» ШҚ төрағасы, Түркістан облысының Түлкібас ауданы;

Омаров Нұржан Жорабекұлы – «Keles Plast» ЖШС директоры, Түркістан облысының Келес ауданы;

Шаржанов Араншы Анарбайұлы – «Қазақстан Суретшілер одағының Түркістан облыстық бірлестігі» ҚБ басқарма мүшесі;

Шорабекова Гүлзина Әшімқызы – «Бәйдібек аудандық мәдениет үйі» МКҚК көркемдік жетекшісі, Түркістан облысы.

 

«Шапағат» медалімен

Ділдабекова Сауле Шабланқызы – «№1 облыстық перинаталдық орталығы» МКК дәрігері, Түркістан облысы;

Жұмабаев Орынбасар Хапарұлы – «Джумабаев» жеке кәсіпкер, Түркістан облысының Мақтаарал ауданы;

Медетбеков Сартай Шохазиндаұлы – «Арыс аудандық орталық ауруханасы» МКК дәрігері, Түркістан облысы;

Омарова Рәзия Мақұлқызы – «Төлеби аудандық мәдениет үйі» МКҚК көркемдік жетекшісі, Түркістан облысы;

Торпахова Бағила Үшқарақызы – «Төлеби аудандық ауруханасы» МКК акушері, Түркістан облысы;

Төлеуова Нұржамал Құлжабайқызы – «Қайрат» бөбекжай-балабақшасы» МКҚК меңгерушісі, Түркістан облысының Созақ ауданы.

 

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен

Айтменов Руслан Мұратұлы – құрылыс блоктарының бригадирі, Түркістан облысының Отырар ауданы;

Ақбаев Нұрлыбек Мақтабекұлы – «Арыс жылу» МКК директоры, Түркістан облысының Арыс қаласы;

Ахметов Ербол Құланбайұлы – «Құрылыс басқармасы» ММ басшысының орынбасары, Түркістан облысы;

Әлмахан Бауыржан Әлмаханұлы – «Отырар-Дән» ЖШС директоры, Түркістан облысының Отырар ауданы;

ӘуЕлбеков Садық Сарыбайұлы – «Гапан» ШҚ төрағасы, Түркістан облысының Шардара ауданы;

Әшім Сәбит Нысанұлы – «Е.Молдабаев атындағы Арыс қалалық жалпы орта мектебі» КММ директоры, Түркістан облысы;

Баймаханов Ғазиз Әбсадықұлы – ерікті, Түркістан облысының Арыс қаласы;

Бейсенова Әлия Мәмбетқызы – «Сарыағаш аудандық №10 мектеп-гимназиясы» КММ директоры, Түркістан облысы;

Бейсенова Балғын Ерболқызы – «Ақпараттық талдау орталығы» КММ бас маманы, Түркістан облысы;

Бердалиев Амантай Оңалбекұлы – «С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі» КММ мұғалімі, Түркістан облысының Түлкібас ауданы;

Бимұратова Әлия Асқарқызы – «Шымкент қаласы №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ директоры;

Бимырзаева Айнұр Жарылқасынқызы – «Шымкент қаласы №52 мектеп-лицейі» КММ директоры;

Ерменбеков Рүстем Мұхтарұлы – «Shymkent» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары;

Жайлымшиева Сәуле Оразбайқызы – «Жайлымшиева» жеке кәсіпкер, Түркістан облысының Мақтаарал ауданы;

Ибрагимов Шермат Бегматұлы – «Құрбанбеков Жорабек және компания» толық серіктестігінің директоры, Түркістан облысының Сарыағаш ауданы;

Ыдырысова Айгүл Садыққызы – «Керім Тіленшин атындағы №29 жалпы орта мектебі» КММ мұғалімі, Түркістан облысының Сайрам ауданы;

Көшкімбай Қанат Ергентайұлы – жеке кәсіпкер, Түркістан облысының Арыс қаласы;

Қарабаева Жайна Амантайқызы – «Шымкент қаласы М.Мәметова атындағы №35 жалпы орта білім беру мектебі» КММ директоры;

Қожамсүгіров Шыңғыс – «Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ бөлім басшысы;

Құнанбаев Сұлтанбек Асанұлы – «Шардара су электр станциясы» АҚ аккумуляторщигі, Түркістан облысы

Қуатбекова Рабиға Әбдімұсақызы – Түркістан облыстық мәслихатының депутаты;

Мараимов Халилло Насирович – «Тұран» ШҚ бас агрономы, Түркістан облысының Кентау қаласы;

Масалиев Дастан Ахметұлы – «Рулан Сервис» ЖШС шебері, Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданы;

Медетбеков Ерқазы Мақсымханұлы – «Арыс қаласының футбол және спорттық ойындар мектебі» МКК директоры, Түркістан облысы;

Мұратұлы Бекзат – «Оңтүстікфильм» КММ бөлім меңгерушісі, Түркістан облысы;

Мұсаев Мұратжан Мұхтарұлы – «Отау строй» ЖШС прорабы, Шымкент қаласы;

Омаш Сәуле Шапайқызы – «С.Сейфуллин атындағы орта мектебі» КММ директоры, Түркістан облысының Ордабасы ауданы;

Оразалиев Олжас Төленұлы – «Түркістан облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ жаттықтырушысы;

Ордабаева Гүлжан Бимұханбетқызы – «Арбат Астана» ЖШС үйлестірушісі, Нұр-Сұлтан қаласы;

Өмірзақов Бектұрсын Құралұлы – «Жетісай» КМК директоры, Түркістан облысы;

Рахымбай Алмасхан Жұманәліұлы – «Тәуке хан атындағы жалпы орта мектебі» КММ директоры, Түркістан облысының Ордабасы ауданы;

Рүстемова Ұлбосын Қаржауқызы – Түркістан облысы Келес ауданы бойынша іскер әйелдер кеңесінің төрайымы;

Сатаев Сәкен Дүйсенбекұлы – «SAFI Құрылыс» ЖШС директоры, Шымкент қаласы;

Тұрысбеков Мұхит Сексенбайұлы – «Сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ басшысының орынбасары, Түркістан облысы;

Усманов Алишер Шайлаевич – «Ханарық жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директорының орынбасары, Түркістан облысының Төлеби ауданы.

 

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 29 қараша № 207

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы

(Алғысқа қосымша төсбелгісі бар (жалпы - 23)

Абдуллаев Арман Айдарұлы – Түркістан облысы стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы;

Ақтаев Ербол Қарсыбайұлы – Арыс қаласы әкімінің орынбасары, Түркістан облысы;

Әбдіров Нұрғалым Мәжітұлы – Түркістан облысының прокуроры;

Әбсадық Айдос Ғазизұлы – «Арыс қаласы С.Қожанов атындағы жалпы орта мектебі» КММ оқушысы, Түркістан облысы;

Әбуов Қуаныш Мырзабекұлы – «Qazaqstan» ҰТА операторы, Түркістан облысы;

Әбішов Ерболат Тұрсынбайұлы – «Хабар» АҚ агенттігінің операторы, Түркістан облысы;

Балабиев Қайрат Рахымұлы – Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы;

Ғабитов Рауль Ринатұлы – «Хабар 24» ТА Түркістан облысы бойынша меншікті тілшісі;

Дүйсебаев Әбілсейіт Оразақынұлы – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы;

Жамалбек Шәріпбек Жамалбекұлы – Түркістан облыстық мәслихатының депутаты

Жұмабеков Жандос Сәдірмекұлы – «Хабар 24» ТА Түркістан облысы бойынша меншікті тілшісі;

Көшікбаев Ғалымжан Қойшыбайұлы – Кентау қаласы әкімі аппаратының басшысы, Түркістан облысы;

Қалқаманов Сәкен Амангелдинұлы – Түркістан облысы әкімінің орынбасары;

Қожамжарова Дариякүл Пернешқызы – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, Түркістан облысы;

Матенова Гүлжазира Ғалиқызы – «Qazaqstan» ҰТ Түркістан облысы бойынша меншікті тілшісі;

Мұсабеков Базарбай Зубайдуллаұлы – Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, жеке кәсіпкер;

Рахманбердиев Орынбай – қоғам қайраткері, Түркістан облысы;

Сандықбаев Болатхан Айтқожанұлы – «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басқарма төрағасы;

Сәдібеков Ұласбек – Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі;

Тәжібаев Бейсенбай Дәулетұлы – «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;

Тәңірбергенов Рахым Көлбайұлы – Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Жолаушы» ЖШС директоры;

Төлебаев Кенжехан Атақұлұлы – еңбек ардагері, Түркістан облысы;

Төлендиев Бекасыл Расулұлы – Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «АRТ құрылыс» ЖШС директоры.

 

Пікір қалдырыңыз