Бизнеске кедергі жасамай дамыту керек
Кез-келген дамыған елдердің экономикасының негізі ең алдымен шағын және орта бизнеске кең жол ашудан басталғанын аңғару қиын емес. Біздің елде де Елбасы Н.Назарбаев тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап-ақ шағын және орта бизнесті дамыту керектігін ұдайы айтып келеді.
Кез-келген дамыған елдердің экономикасының негізі ең
алдымен шағын және орта бизнеске кең жол
ашудан басталғанын аңғару қиын емес. Біздің елде де Елбасы Н.Назарбаев тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап-ақ
шағын және орта бизнесті дамыту керектігін ұдайы айтып келеді. Алдымен шағын
кәсіпкерліктен басталған бизнестер бүгінде ірі зауыт, фабрикаларға ұласып
отырғаны да жасырын емес. Бұл өз кезегінде елдің экономикасын көтеруге бірден
бір себепші фактор болуда.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына
Жолдауында ең алдымен осы мәселе тағы да айтылғанына қуандым. Президент «Шағын және орта бизнеске қатысты рейдерлік жиілеп
кетті. Менің бұл мәселе бойынша ұстанымым айқын. Бизнестің дамуына, әсіресе
шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіруге бағытталған кез келген
әрекет мемлекетке қарсы қылмыс ретінде қаралуы керек” деп атап өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы кезде Үкіметке осы келеңсіздікті жоюдың
заңдық негіздерін жасауды, сонымен бірге көлеңкелі экономикаға қарсы
іс-әрекетті күшейтіп, капиталды сыртқа шығаруға және салық төлеуден жалтаруға
қарсы күресті қатаңдатуды тапсырды.
Жолдауда Президент сала басшыларына бизнеске бөлінетін
қаражаттың тиімді жұмсалуын қатаң бақылауды да тапсырды. Бұл өте құптарлық
ұстаным. Президент атап өткендей, шағын және орта бизнесті тиімді дамыта
білсек, бұл шағын қалалар мен ауылдардың әлеуметтік-экономикалық деңгейін
дамытудың бірден бір жолы болмақ. Ол өз кезегінде жұмыссыздық проблемасын
шешері даусыз.
Нұралы ӘБІШ,
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты,
«Бөрте милка» ЖШС-ның директоры.