Он баланы киіндірді

Облыстық мәслихат депутаты Қайрат Сүлейменов Шымкент қаласындағы Cаттар Ерубаев атындағы №24 мектепте оқитын он баланы киіндіріп, оқу құралдарын тарту етті.

·         Облыстық мәслихат депутаты Қайрат Сүлейменов Шымкент қаласындағы Cаттар Ерубаев атындағы  №24 мектепте оқитын он баланы киіндіріп, оқу құралдарын тарту етті.

Осылайша, аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан он бала жаңа оқу жылына дайын болды.

--Жасыратыны жоқ, баласына мектеп формасын сатып алуға жағдайы жоқ ата-аналар бар. Оларға  мейлінше көмек қолын созатын демеуші тауып беруге тырысамыз. Ал, Қайрат Сүлейменов біздің өтінішімізді ешқашан жерге тастаған емес. Жыл сайын келіп, қайырымдылық акциясын өткізіп, оқушыларымызға киім-кешек әперіп тұрады. Биыл да сол дәстүрді жалғастырып отыр, - дейді мектеп директоры Ұлжалғас Есім.

Баласына жаңа киім әпергені үшін депутат мырзаға ата-аналар да дән риза. Алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдіруде.

Бүгінгідей қиындығы көп қоғамда осындай мейірімді жандар көп болса екен.

 

«Оңтүстік»- ақпарат.

 

Пікір қалдырыңыз