Бюджеттің орындалуы – басты назарда
Қала әкімдігінде Ерлан Айтахановтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Мәжілісте шаһардың қоғамдық саяси ахуалы, әлеуметтік-экономикалық дамуының соңғы 7 айлық қорытындысы мен республикалық бюджеттің орындалу барысы қаралды.
Күн тәртібінде осы аталған әрбір мәселе бойынша сала басшыларының баяндамалары тыңдалды. Қала әкімі жұмыстарды жүйелендіру мақсатында нақты тапсырмалар жүктеп, қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау үшін көпшілікті толғандыратын мәселелер бойынша жауапты мамандардың тұрғындармен кездесуін жиі ұйымдастырып отыру керектігін айтты.
Сондай-ақ, Ерлан Қуанышұлы Шымкент қаласының даму бағдарламасы аясында 2019 жылға жоспарланған индикаторлар мен көрсеткіштердің орындалуы бойынша ай сайын сараптама жүргізіп, қорытындысын баяндауды тапсырды. Дебиторлық және кредиторлық қарыздардың негізсіз пайда болуына жол бермеу керектігін де назардан тыс қалдырған жоқ.