Жүк көлiктерiне айыппұл салынды
Түркістан облыстық көліктік бақылау инспекциясы, сондай-ақ, полиция департаменті жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен бірге өңірімізде жолдарға тұрақты рейдтік шаралар ұйымдастыруда.
Іс-шара
барысында 1157 әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалып, 24 млн. 891 мың теңге
айыппұл салынды. Оның 22 млн. 956 мың теңгесі өндірілген. Рейдтер негізінен
Төрткөл–Арыс бағытында инертті материалдар (құм, тас, құмды шағал тас және
т.б.) және Бадам–Сарыағаш жолында жеміс-жидек тасымалдайтын транзиттік көліктерге қатысты жүргізілуде.
Облыстық
маңызы бар автомобиль жолдарындағы тексеру шаралары жүк көліктерінің оське
түсетін салмағын ретке келтіру мақсатында да қолға алынып жатыр.