Тазалық денсаулық кепілі

Шардара ауданының тұрғындары «Табиғаттың тазалығы – адамзаттың жан азығы» атты экологиялық акциясы аясындағы жалпыхалықтық сенбілікке бір кісідей атсалысты. Аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев Шардара су қоймасы жағалауын тазалауға шығып жатқан қызметкерлер мен тұрғындар алдында сөз сөйлеп, тазалық акциясының мән-маңызына тоқталып өтті.


          Таң азаннан басталған сенбілікке қатысушылар үш топқа бөлініп, су қоймасының жағалаудағы қоқыстарды жинауға кірісті. Шардаралықтармен бірге тазалық жұмыстарына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр мен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев, аудан әкімі Қайрат Жолдыбай тұрғындардың ауызбірішілігіне дән риза болды.          Тазалық акциясы аясында сенбілік жұмысына қала мен ауылдық округтерінің мекеме қызметкерлерімен қатар қарапайым тұрғындар да белсенді түрде қатысты.

          Әділ ӘБДІРАМАНОВ, Шардара ауданы. 

Пікір қалдырыңыз