Хабарландыру
Хабарландыру
«ДАРЫН» МЕМЛЕКЕТТІК
ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫНА
БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау
жариялайды.
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы -
ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге
түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет
тарапынан қолдау мақсатында жыл сайын ұсынылады.
Байқау - әдебиет, ғылым, дизайн
және бейнелеу өнері, журналистика, классикалық музыка, қоғамдық қызмет, спорт,
театр және кино, эстрада, халық шығармашылығы номинациялары бойынша өтеді.
Сыйлық алуға халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар
мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі
спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ қызметі
инновациялық болып табылатын және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға
ықпал еткен Қазақстан Республикасының 29 жасқа дейінгі азаматтары сыйлық алуға
үміткер бола алады.
«Дарын» жастар сыйлығын алуға кандидатураларды ұсынуды мемлекеттiк
органдар, қоғамдық бiрлестiктердің өкілдері жүргiзедi.
Барлық жеңімпаздарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «2019
жылғы Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі, және олар
дипломмен, төсбелгілермен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму
министрлігінің ресми сайтынан алуға болады (qogam.gov.kz).
Естеріңізге сала кетейік, «Дарын» жастар сыйлығы Мемлекет басшысының
бастамасымен 1992 жылы тағайындалған болатын.
Әр жылдары Бақтияр Артаев, Серік Сәпиев, Илья Ильин, Денис Тен, Димаш
Құдайбергенов, Мария Мудряк, «Муз АРТ» тобы, Қалқаман Сарин және басқада
азаматтар аталған сыйлықты иеленген болатын.
2017 жылдан бастап «Дарын» сыйлығы жыл сайын табысталады.
Ізденушілердің құжаттарын 2019 жылғы 10 тамызға дейін Қазақстан
Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы
істері комитеті келесі мекенжай бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы, Мәнгілік ел көшесі, 8, Министрліктер үйі
(15-кіреберіс, 549 кабинет), 8/7172/74-05-25, 8/7172/74-18-43 және premiya.daryn2019@gmail.com эл. пошта арқылы қабылдайды.
«Дарын» мемлекеттік
жастар сыйлығын
алу үшін ұсынылатын құжаттар
тізімі
1) кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі;
2) осы
Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу
өтінімі;
3) қолдаухат
пен сыйлық алуға ізденушінің жетістіктері туралы анықтама;
4) марапаттау
дипломдарының, грамоталарының, алғыс хаттарының көшірмесі (болған жағдайда);
5) кандидаттың немесе кандидат туралы мақаланың, жарияланымдардың
көшірмесі (болған жағдайда);
6) кандидаттың жетістіктерін растайтын өзге де материалдар (болған жағдайда).
|
«Дарын»
мемлекеттік жастар |
Тіркеу өтінімі
1. Тегі
_____________________________________________________
Аты ______________________________________________________
Әкесінің аты
(болған жағдайда) _______________________________
2. Туған күні
_______________________________________________
3. Ұсынушы
ұйымдардың толық атауы _________________________
___________________________________________________________
4. Номинация
______________________________________________
5. Білімі
___________________________________________________
6. Ғылыми
дәрежесі, ғылыми атағы ____________________________
___________________________________________________________
7. Ағымдағы
қызметі (кандидаттың жұмыс орны, лауазымы/оқу орны
____________________________________________________________
____________________________________________________________
8. Жұмыс өтілі
(жұмыс істейтін азаматтарға) _____________________
9. Тұрғылықты
мекенжайы ____________________________________
10. Байланыс
телефоны _______________________________________
11.
Электрондық пошта _______________________________________
Ұйым басшысы
___________________
________________________________
(қолы) Тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда)
Мөр қою орны
20 __ жылғы
"___" ____________________