ОСК сайлаудың алдын-ала қорытындысын жариялады

ҚазАқпарат. ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылдың 9 маусымында өткен кезектен тыс президенттік сайлауда кандидаттарға сайлаушылардың қанша дауыс бергендігін жария етті.

– Қазақстан Республикасы бойынша Жамбыл Ахметбеков 167 249 дауыс немесе сайлаушылардың 1,83 процент даусын, Дания Еспаева 478 153 дауыс немесе сайлаушылардың 5,2 процент даусын, Әміржан Қосанов 1 472 733 дауыс немесе сайлаушылардың 16,02 процент даусын, Төлеутай Рахымбеков 294 271 дауыс немесе 3,2 процент даусын, Амангелді Таспихов 190 304 дауыс немесе сайлаушылардың 2,07 процент даусын, Қасым-Жомарт Тоқаев 6 504 054 не-месе сайлаушылардың 70,76 процент даусын, Сәді-Бек Түгел 84 348 дауыс немесе сайлаушылардың 0,92 процент даусын жинады» деді ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров.

Пікір қалдырыңыз