БІЗДІҢ ТІЛЕГІМІЗ – ЕЛДІҢ ТЫНЫШТЫҒЫ

Елбасының төңірегіне топтасып, бірлігін танытқан қазақ халқы кешегі тарихи сәтте де ауызбіршілік пен ынтымақтың үлгісін көрсетіп, өз таңдауын жасады.
Біздің еліміз
тәуелсіздік алған жылдардан бері әлем елдері алдында өзінің бейбітшілік пен
келісім мекені екенін анық дәлелдеген мемлекет. Тәуелсіздік тұғырын нығайтқан
Тұңғыш Президентіміз өзінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатып, билік тізгін
Қасым-Жомарт Тоқаевқа сеніп тапсырған болатын. Сенім алдамапты. Кешегі науқанда
бүкіл ел болып күткен үміткеріміз өзгелерден оқ бойы алға шығып, елді соңынан
ерте алатындығын дәлелдеді.
Мен сияқты
зейнеткердің бүгінгі тілегі – ел тыныштығы. Еңбек ардагері ретінде мен ел
тізгінін ұстар тұлғаны халықтың таңдауын әділетті шешім деп білемін әрі қолдаймын.
Ұрпағымызды рухани жаңғыру аясында тәрбиелеп, елімізде беріліп отырған барлық
мүмкіндіктерді пайдаланып отырған біздер, ең бақытты жандармыз. Елбасының
төңірегіне топтасып, бірлігін танытқан қазақ халқы кешегі тарихи сәтте де
ауызбіршілік пен ынтымақтың үлгісін көрсетіп, өз таңдауын жасады. Жаңа
Президенттің халықты соңына ерте алатынына, жаңа сын-қатерлерге қаймықпай қарсы
тұрып, қиындықты еңсере алатынына сенімдіміз. Бұл сенім – кешегі өткен
сайлаудың нәтижесінен-ақ көрініп тұр.
Сексенбай қажы ТҰРЫСБЕКОВ,
Созақ ауданының құрметті азаматы,
«Құрмет» орденінің иегері.