БАР ЖАҚСЫЛЫҚ - БАЛАЛАРҒА

Балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады

Адам өміріндегі ең үлкен бақыт – ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Қай мемлекет болсын, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіні сөзсіз. Бар жақсылығын балаларына көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі, саналы болып ержетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын.

 Балаларды қорғау күніне орай Б. Момышұлы атындағы оқу орталығының қызметкерлері Шымкент қалалық мамандандырылған бөбектер үйіне барып, бүлдіршіндер үшін түрлі шаралар ұйымдастырды. Балалардың мерекеге орай дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалап, әсем әуенге шаттана билеген бөбектердің тәтті тілдерінен төгілген мерекелік тақпақтарын тыңдады. Қызықты ойындар ойнатылып, алаңда бірге серуен құрды. Мекеме тарапынан кішкентай бүлдіршіндерге тәттілер мен түрлі сыйлықтар таратылды.

А.ӘЗТАЙ,                                       

                                                          Б.Момышұлы оқу орталығының

                                                          мемлекеттік тіл және ақпарат

                                                          тобының инспекторы.

                                                                   

Пікір қалдырыңыз