Абай мен Пушкин үндестігі

А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхананың құрылғанына биыл 120 жыл толады. Мерейтой аясында басқа да іс-шаралармен қатар облыс көлеміндегі кітапханалар арасында «120–19–120» бағдарламасы ұйымдастырылды.

Бағдарламаның мақсаты – кітапхананың 120 жылдық тарихын, қара шаңырақтың қоғамдағы орнын, қызмет көрсетудегі озық тәжірибесін насихаттау. Аудандық кітапханаларда осы бағдарлама аясында түрлі іс-шаралар қолға алынуда.

Жақында Сарыағаш аудандық кітапханасы бағдарлама аясында апталық ұйымдастырып, «Мәңгілік елдің мәңгілік кітапханасы» атты әдеби-танымдық кеш өткізді. Кеште кітапхана туралы деректі фильм көрсетілді.

120 жылдыққа арнап 120 домбырашы Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін орындады. Оқырмандар Пушкиннің өлеңдерін қазақ және орыс тілдерінде мәнерлеп оқыды. Абайдың «Татьянаның қырдағы әнінің» желісі бойынша «Абай ауылында» атты сахналық көрініс қойылды.

Кеш соңында кітап көрмесіне медиа-шолу жасалды. «Бір кітап – бір сурет» акциясы аясында «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында қылқалам шеберлерінің және «Сұлулықты сезе біл» клубы мүшелерінің қатысуымен сурет көрмесі ұйымдастырылды. Апталық соңында Пушкин шығармашылығын насихаттау мақсатында ақпараттық-танымдық сағат өткізілді. Мұндай іс-шаралар жыл бойы жалғасады.

Нұржамал РСЫМБЕТОВА, А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының библиографы.

Пікір қалдырыңыз