ИНДУСТРИЯЛДЫ АЙМАҚ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕККЕ ОРАНДЫ
Зауыт металл бөшке шығаруымен айналысады
Созақ ауданындағы
индустриалды аймақта орналасқан «UKO-S Star» ЖШС-гі бүгінде өндірісі қарқынды
жүріп жатқан зауытқа айналып келеді. Зауыт бүгінде уран өндірісіне арналған 210
литрлік металл бөшкелер шығарумен
айналысады. 2013 жылдан бері жылдан бері кәсібін дөңгелетіп отырған зауыт
күніне 600 дана металл бөшке шығарады. Қазір онда 50 адам тұрақты жұмыспен
қамтылған. Барлығы аудан тұрғындары. Биыл зауыт металл бөшкемен қатар,
индустриалды майларға арналған 200 литрлік бөшке шығаруды қолға алды. Бұл да
болса зауыттың көші ілгерілегенін білдіреді. Зауытта жұмысшыларға барлық жағдай
жасалған, шалғай елді мекендерден келетін жұмысшылар үшін арнайы жатақхана
қарастырылған. Сонымен қатар, асхана, қызметтік көлік жағы да назардан тыс
қалмаған. Зауыт аймағы түні мезгілде күннен энергия алатын құрылғының көмегін
пайдаланады.
-Өзіңіз білесіз,
зауыт салынғанда бұл жер мидай дала
болатын. Біз былтырғы жылы алдымен 200 дана жеміс, қара тал көшеттерімен
қатар, шырша сияқты мәдени ағаштардың
көшеттерін ектік. Алдағы уақытта 300 дана басқа да ағаш көшеттерін зауыттың
жаңа корпусы жағына, одан кейін арнайы шағын бау жасасақ деп отырмыз. Бұл әрі
жазда көлеңке, қыста азынаған желден әрі бораннан ықтасын болады. Ондағы
жемістерді таза өнім ретінде жұмысшылардың ас мәзіріне қосылуды жоспарлап
отырмыз,-дейді зауыттың атқарушы директоры Әкен Нұрбол Айдарұлы.
Мақсат ҚАРҒАБАЙ.