АДАЛДЫҚҚА ҮНДЕЙТІН ШАРА

Оқушылар адал болуға серт берді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасына орай білім мекемелерінде «Адал ұрпақ - ұлт болашағы» атты бірыңғай тәрбие сағаттары өтті. Жас ұрпақты адалдыққа шақыратын іс-шараға 200 мыңнан астам оқушы қатысты. 

Тәрбие сағатында оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, адалдық қағидалары жөнінде дөңгелек үстелдер мен түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылды. Онда оқушылар замандастарын адалдыққа шақырып, елдің адал ұрпағы болуға серт берді.

«Оңтүстік»-ақпарат.

Пікір қалдырыңыз