Мырзакент тұрғындарымен кездесті

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мақтаарал ауданындағы сенімді өкілдері Мырзакент кентінің тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге аудан орталығын мекен еткен түрлі ұлт өкілдері, сан саланың мамандары қатысты.

Кездесу барысында Мақтаарал аудандық қоғамдық штаб мүшесі Сүндет Кенжебаев елдегі жастарға жасалып жатқан мемлекеттік қамқорлықтар мен жастар саясатының негізгі бағыт-бағдары жайында айтса, қоғамдық қабылдау бөлмесінің жетекшісі Салман Дүкенбаев кандидаттың сайлауалды бағдарламасында басымдық берілген бағыттарға тоқталды. Ал, Мақтаарал аудандық өзбек этно-мәдени орталығының мүшесі Алима Сайфатова елдегі бірлік пен ынтымақтың берік қаланғанын айтып өтті.

Пікір қалдырыңыз