«Ауыл» партиясы үгіт-насихатты күшейтті

Президенттікке кандидат Төлеутай Рақымбековтің штабы үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда. Т.Рақымбековтің сенімді өкілдері Шымкент қаласында ұйымдастырылған мерекелік концертте жиналғандарға кандидаттың сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айтты.

Сенімді өкілдердің айтуынша, олардың кандидаты ауылдардың да, қаланың да жағдайымен етене таныс. Егер Т.Рақымбеков президент лауазымына сайланып жатса, әсіресе, көп балалы отбасылардың жағдайын жақсарту, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелеріне айрықша назар аударады. Сонымен бірге, «Ауыл» партиясынан ұсынылған кандидаттың назарынан қаладағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жол, кәсіпорындар, өндіріс, ғылым саласындағы мәселелер де шет қалмайды.

Сайлауалды үгіт-насихат шарасына қала тұрғындары мен студент жастар қатысты.

Пікір қалдырыңыз