Таспиховтың сенімді өкілдері – Түлкібаста

Кәсіподақтар федерациясынан кандидат Аманкелді Таспиховтың Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша қоғамдық штабының басшысы Берік Бекжанов бастаған топ Түлкібас ауданына табан тіреді.
Насихатшылар тобы Социалистік Еңбек Ері Мәнтай Жарымбетовтің атымен аталатын шаруа қожалығында ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінен және білім, мәдениет, кітапхана қызметкерлерінен құралған 150 адамның басын қосты.
Ауданның бренді
саналатын алма бағында Б.Бекжанов бұл саяси науқанның мемлекет тарихындағы
маңыздылығына тоқталып, жиналған көпшілікті сайлауда белсенділік танытып, дауыс
беру құқын тиімді пайдалануға шақырды. Сондай-ақ, жиында сөз алған білім
саласының қызметкерлері Ержан Мақашев пен Гауһар Меңдібаева кәсіподақ атынан
мәртебелі лауазымға ұсынылып отырған кандидатқа тілеулестік білдіріп, еліміздің
тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері мен Қазақстанның жарқын келешегі туралы
ой-пікірлерін ортаға салды.
«Оңтүстік»-ақпарат.