Дамудың қазақстандық моделi өзінің тиімділігін дәлелдеді

Дамудың қазақстандық моделi өзінің тиімділігін дәлелдеді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Шабыттандырушы өсім: адамдар, қалалар, экономикалар» атты ХІІ Астана экономикалық форумына қатысты.

Форумның пленарлық отырысының қатысушылары алдында сөз сөйлеген Қазақстанның Тұңғыш Президенті Астана экономикалық форумының өңірлік және жаһандық сын-қатерлерге төтеп беру үдерісіндегі маңызды рөлін атап өтті.

– Алдыңғы жылдары осы жерде талқыланған ұсыныстар мен идеялар Қазақстанға жаһандық сын-қатерлерді уақтылы ескеріп, қиындықтарды табысты еңсеруге мүмкіндік берді. Дамудың қазақстандық моделі қалыптасқан жағдайлар мен болжамдарға қарамастан өзінің тұрақтылығы мен тиімділігін дәлелдегенін білесіздер. Біз өршіл мақсаттар қойып, соларға қол жеткізе алдық, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Пленарлық отырыс барысында Елбасы жаһандық экономикадағы соңғы өзгерістер туралы пікірін ортаға салып, мемлекетаралық диалогты жақсарту үшін бірқатар идея ұсынды.

Сонымен қатар, Елбасы Астана экономикалық форумы алаңында халықаралық диалог форматын кеңейту үшін шаралар қабылдауды ұсынды.

– Осы жерде айтылған идеялар әлемдік саясат пен экономиканың ең күрделі және өзекті мәселелеріне қатысты шешімдер табуға септігін тигізетініне сенімдімін, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Пікір қалдырыңыз