Тұрмыстық қалдықтар кәдеге жарап тұр

Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы қалай?
2019 жылдың І
жартыжылдығында Бадам өндірістік аймағында жалпы құны 6 млрд. 600 млн. теңгені
құрайтын «АВF INVEST» ЖШС-нің полиэтилен бұйымдарын қайта өңдейтін зауытының І
кезеңі іске қосылды. 2025 жылға қарай өңірдегі қатты тұрмыстық қалдықтардың 35
пайызы өңделіп, қайта кәдеге жаратылатын болады.
Бұдан өзге,
Ордабасы ауданында биыл өнеркәсіп өнімі көлемін 19,4 млрд. теңгеге жеткізіп,
өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексін 105,5 пайызға арттыру
жоспарланып отыр. Ал, өңдеу өнеркәсібінде 17,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріледі
деп болжануда. Мемлекеттік үдемелі-индус-триалды-инновациялық даму бағдарламасы
арқылы «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы» аясында 2019 жылы жалпы құны 4,6
млрд. теңгені құрайтын инвестициялық жобаның II кезеңін іске қосу жоспарлануда.
Ол – «Green Technology industries» ЖШС-нің озық технология арқылы полиэтилен
өнімін қайта өңдеп, синтепон талшығын өндіру жобасы.
Сондай-ақ, 2019
жылы кәсіпкерлік, туризм саласында инвестициялық құны 15 млрд. 691 млн. теңге
болатын 10 жоба қолға алынып, нәтижесінде 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады
деп көзделуде.
Осы жылы ауыл
шаруашылығы саласы бойынша аудан көлемінде жалпы өнім көлемін 40 млрд. 157 млн.
теңгеге, игерілетін егістік жерді 65 100 гектарға жеткізу және айналымға
жаңадан 2500 гектарды іске қосу, сондай-ақ жылыжай көлемін қосымша 20 гектарға
ұлғайту межеленіп отыр.
Құрылыс саласында
Арыстанды, Ордабасы, Бірлік ауылдарындағы 200 орынды мектептер биыл пайдалануға
берілмек. Сонымен бірге 700 орынды 5 жекеменшік балабақша ашылып, балаларды жүз
пайыз мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиелеумен қамту жоспарлануда.
Бұдан бөлек,
алдағы уақытта Бадам ауылынан 4 үйдің (80 пәтер), Шұбар елді мекенінен де
осыншама үйдің (100 пәтер), сондай-ақ Төрткүлден 1 үйдің (40 пәтер) және
Қараспаннан 1 үйдің (40 пәтер) құрылысы жүреді деп күтілуде. Аталған тұрғын
үйлер пайдалануға берілсе аудандағы 220 отбасының баспана мәселесі оң шешімін
табады.
«Оңтүстік»-ақпарат.