Керемет тосын сыйы бар кредит

Банк ВТБ (Қазақстан) тұтынушылары үшін жаңа жылдық тосын сый - Сashback қосылған тұтынушылық кредит әзірледі! Жылдың басты мерекесі қарсаңында банк науқанды іске қосты, оның шеңберінде жауапты қарыз алушылар кредит үшін сыйақы сомасының 9%-ын кері алады! Банк ВТБ (Қазақстан)-да 200 000 теңгеден 5 000 000 теңгеге дейін сомаға төрт жылдан кем емес мерзімге кепілсіз кредит рәсімдеген банк тұтынушылары науқанға қатыса алады. Сыйақының 9% қайта алу үшін кредит алушы шарттың талаптарын тиянақты орындап, кредитті кешігіп немесе мерзімінен бұрын төлеуге жол бермеуі тиіс. - Жақында жаңа жыл, сыйлықтар мен жағымды тосын сыйлар уақыты. Біз де осы мерекелік атмосфераға қолдау көрсетіп, клиенттерімізді сыйлықтармен қуантуды шештік, - деді Банк ВТБ (Қазақстан) бөлшек бизнес департаменті директорының орынбасары Әлия Берғарипова, - осы кезеңде көпшілігі өздерін және жақындарын сиқырмен қоршағысы келеді. Кредит сіздің жаңа жылдық ойлар іске асыру үшін тамаша демеу бола алады. Мысалы, егер сіз балаларды демалысқа апарып және оларға нағыз Аяз атаның қайда тұратынын көрсетіп немесе туғандарыңызды көптен армандаған, бірақ қол жеткізе алмайтын сыйлықтармен қуантқыңыз келсе! Жаңа жылдық ғажайыпқа сеніңіз және жағымды тосын сыйлар сізді ең күтпеген жерлерде де күтетін болады. Егер сізде басқа банкте кредит бар болса, сіз оны Банк ВТБ (Қазақстан)-да тиімді шарттармен қайта қаржыландыра аласыз және науқанға қатысушы бола аласыз. Банк ВТБ (Қазақстан) ақшалай кредиттері кез келген мақсатқа беріледі. Олар Сізге саяхатқа шығуды, жөндеу жасауды немесе өз жақындарыңызға сыйлықтар сатып алуды ертеңге қалдырмай қазіргі сәттен-ақ өмірден ләззат алуға мүмкіндік береді. Ал жаңа науқан арқылы Банк ВТБ «минус» қалай «плюске» айналуы мүмкін екенін көрсеткісі келеді. Қаржыны дұрыс жоспарлау арқасында тұтынушыларымыз ақшалары пайда әкеле бастайтынын көре алады. Науқан бойынша толығырақ ақпарат алу үшін Банк ВТБ (Қазақстан) бөлімшелеріне немесе ұялы телефонмен 5050 нөміріне хабарласыңыз.