«Нұр Отанға» Б.Нарымбетов келді

  «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Бахадыр Нарымбетов тағайындалды.

 

«Нұр Отан» партиясының Шымкент қаласы филиалының кеңейтілген мәжілісінде «Нұр Отан» партиясы Шымкент қаласы филиалы саяси кеңесі бюросының ұсынысымен, партия төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаевтың бұйрығына сәйкес, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қаласы филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне Бахадыр Мәдәліұлы Нарымбетов тағайындалғаны жөнінде қала әкімі, филиал төрағасы Ғ.Әбдірахымов көпшілікке хабарлады.

Партияның Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалған Бахадыр Мәдәліұлы Нарымбетов өңірімізге танымал тұлғалардың бірі. Ол 1972 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген, білімі – жоғары. Еңбек жолын 1999 жылы училищеде оқытушы болып бастаған Бахадыр Мәдәліұлы 2001 жылы мемлекеттік қызметке өтіп, ОҚО ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында қызмет атқарған. Әр жылдары облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған азамат.

Бахадыр Мәдәліұлына жаңа қызметте де абыройлы бола беруіне тілектестік білдіреміз.

Ж.ШАЛАБАЕВА.

Пікір қалдырыңыз