Көк ту көкте желбіреді

  Облыстық ішкі саясат басқармасы мен облыстық жастар ресурстық орталығы бірлесіп 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай флешмоб ұйымдастырды. Онда 60-қа тарта студент жас еліміздің көк туын ұстап, «Қазақстан» әніне биледі.

 

– Бүгін еліміз үшін айтулы мереке. 1992 жылы алғаш рет еліміздің мемлекеттік рәміздері бекітілген болатын. Соған орай жыл сайын бұл күні рәміздер күні мерекесі тойланады. Бұл шара әрбір жастың көкейінде патриоттық, отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру үшін ұйымдастырылып отыр. Мұндай шара өңіріміздің барлық аудан, қалаларында өтуде. Мақсатымыз еліміздің әрбір азаматына мемлекеттік рәміздердің маңызын ұқтыру, рәміздерге деген құрметті арттыру болып табылады, – дейді облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бақыт Ахымбетов.

Флешмобтан соң жастар Әл-Фараби алаңында Шымкент қаласының тұрғындарына жалаушалар таратты.

Е.ҚОЖАХМЕТҰЛЫ.

Пікір қалдырыңыз