XXIII қысқы Олимпиада ойындары басталды

Оңтүстік Кореяның Пхенчхань қаласында қысқы Олимпиада ойындары басталды. Еліміздің көк туын алып шығу мәртебесі шорт-трек шебері Абзал Әжіғалиевке сеніп тапсырылды. Дүбірлі бәсекеге Қазақстанның спортшылары 57 жолдама жеңіп алса, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысынан 5 спортшы аттанды.
Жұмыр жер мықтылары бақ сынайтын додаға жолдама алған 46 спортшымыздың бірнешеуі жарысты бастап та үлгерді. Мәселен, фристаийл могул спортынан Дмитрий Рейхерд сенімді ақтап, іріктеу кезеңінде 81,23 ұпаймен үшінші орынмен финалға шықты. Оның әріптесі Павел Колмаков та ақтық сынға жолдама алды. Сонымен қатар фристайл могулден әйелдер арасында Юлия Галышева да финалға ірікілмей шықты, Алға Қазақстан!