ПӘТЕРДІ «НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША САТЫП АЛУ ТІПТІ ОҢАЙ БОЛДЫ

  Қазақстанда мемлекеттік «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысын салу бағдарламасы белсенді дамып келеді, оның көмегімен кез келген тілек білдіруші, максималды тиімді ипотеканы рәсімдей отырып, жаңа үйден пәтер сатып ала алады. Жақында бағдарламаның шарттарына өзгертулер енгізілді және мұнан былай қазақстандықтардың меншікті үй сатып алуына одан да көп мүмкіндіктер пайда болды. «Нұрлы жер» шеңберінде кредит рәсімдеудің қыр-сыры туралы Банк ВТБ (Қазақстан) Шымкент филиалының директоры Әліқұл Қанат әңгімелеп берді.

 

- Тұрғын үй алуға рәсімделетін кәдімгі кредит және «Нұрлы жер» бағдарламасының шеңберіндегі ипотеканың арасындағы айырмашылық қандай?

- Бүгінгі уақытта, «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысын салу бағдарламасының шеңберіндегі кредит нарықтағы ипотекалық ұсыныстардың ең тиімдісі болып табылады. Бағдарламаның мәні келесіде: кез келген қазақстандық бірінші тұрғын үйді сатып алуға банктен кредит ала алады, сонымен бірге мемлекет ол үшін сыйлықақы мөлшерлемесінің бір бөлігін төлейді. Нәтижесінде, қарыз алу үшін ай сайынғы төлем, кәдімгі банктік ипотекамен салыстырғанда 30-40% төмендейді. Басқа жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламаларынан айырмашылығы, «Нұрлы жер» бойынша кредит алу үшін кезекте тұрудың қажеті жоқ. Мұнан басқа, қарыз алушының әлдеқашан меншігіндегі тұрғын үйдің саны маңызды емес. Және тағы бір артықшылығы – қарызды қарастыру және ұйымдастыруға банктік комиссияның жоқтығында.

- «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қай жерде ипотека рәсімдеуге болады және қандай шарттарда?

- Осы бағдарламаның шеңберінде Қазақстандық ипотекалық компаниясымен жұмыс істейтін кез келген банктен. Мысалы, Банк ВТБ (Қазақстан)-да «Нұрлы жер» шеберіндегі қарыз алушыға арналған ақырғы сыйлықақы мөлшерлемесі 10% құрайды. Алматы және Астана тұрғындары үшін қарыздың максималды сомасы – 20 млн. теңге, Қазақстанның басқа аймақтарының тұрғындары үшін – 15 млн. теңге, 15 жылға дейінгі мерзімде. Кредитті рәсімдеу үшін банкке өтінім беру қажет. Біз өз клиенттерімізге өтінімді банктің сайтында, немесе еліміздің барлық ірі қалаларында орналасқан оның барлық бөлімшелерінде рәсімдеуді ұсынамыз.

- Жақында осы бағдарлама бойынша ипотека алудың жаңа шарттары әрекет ете бастады, не өзгерді?

Біріншіден, мұнан былай қарыз алушы 30% бастапқы жарна ретінде, оған немесе үшінші тұлғаларға, мысалы ата-анасына тиесілі жылжымайтын тұрғын жай түрінде бағасы бірдей қосымша кепіл ұсынуына болады. Бұрын бастапқы жарнаны тек қана ақшалай түрде салу қажет болатын. Екіншіден, бастапқы жарна ретінде қарыз алушының құрылыс салушының атына алғы төлем есепке алынады. Бұл құрылысы аяқталмаған үйден пәтер сатып алуды қалайтындарға өте тиімді. Сондай-ақ, құрылыс салушының атынан тұрғын үйді сату өзге заңды тұлғалармен жүзеге асырылатын жағдайларда, бастапқы тұрғын жай түсінігі де кеңейтілген. Яғни, егер бір компания құрылыс жүргізетін болса, ал жаңа үйлердегі пәтерлерді басқа компания сатқан жағдайда.

- Ипотекалық кредитті мерзімінен бұрын өтеуге болады ма?

- Әдетте жиі ипотекалық кредиттерді тек айыппұл санкцияларын төлеу арқылы мерзімінен бұрын қайтаруға болады. Бірақ Банк ВТБ (Қазақстан)-да «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша рәсімделген кредитті кез келген уақытта санкциясыз қайтаруға болады.

- Ипотекалық кредиттің есебінен сатып алынған пәтердің меншік иесі кім болып табылады?

- Жылжымайтын мүлік банк клиентінің, яғни сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушы болып табылатын адамның меншігінде болады.

Егер Сіздің тағы да сұрақтарыңыз болса, оларды Банк ВТБ (Қазақстан) мамандарынан 5050 нөміріне ұялы телефоннан қоңырау шалу арқылы сұрасаңыздар болады. 

Пікір қалдырыңыз