ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланғанына 6 айдан астам уақыт ттi. Осы уақыт аралығында қандай жетiстiктер бар? Нендей кемшiлiктер назардан тыс қалып отыр? Бұл сауалдарға облыс әкiмiнiң орынбасары Ұласбек Сәдiбековтiң трағалығымен ткен жиында жан-жақты жауап iзделдi. Мәжiлiске барлық аудан, қала әкiмдерiнiң орынбасарлары мен iшкi саясат блiмдерiнiң басшылары мен баспасз хатшылары қатысты.
Жиынды ашып, жүргiзiп отырған Ұласбек Сәдiбекұлы ең алдымен Елбасының жарық крген латын әлiпбиiне кезең-кезеңмен туге байланысты Жарлығына сәйкес атқарылатын жұмыстардың күшейтiлетiнiн атап ттi.
«Елбасы қазақ тiлi әлiпбиiн латын графикасына кшiру туралы Жарлыққа қол қойды. Жарлықтың толық нұсқасы «Егемен Қазақстан» газетiнде жарияланып отыр. Онда «Қазақ тiлi әлiпбиiнiң 2025 жылға дейiн латын графикасына кезең-кезеңiмен кшуiн қамтамасыз етсiн; осы Жарлықты iске асыру жнiнде зге де, соның iшiнде ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы, шаралар қабылдасын» делiнген. Ендеше, бүгiннен бастап, осы жарлықтың орындалуын бақылауға алып, баршамыз жұмыла жұмыс iстеуiмiз қажет» дедi Ұласбек Сәдiбекұлы.
Жиында сондай-ақ, Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында атқарылатын iс-шаралар жоспарын әзiрлеу мен аудан, қала әкiмдiктерiндегi БАҚ құралдарының белсендiлiгiн арттыру мәселелерi талқыланды.
Облыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы және Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына дайындық бойынша облыстық iшкi саясат басқармасы басшысының мiндетiн атқарушы Сәбит Исабай баяндама жасады. Оның айтуынша, бүгiнгi таңда облысымызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1127 iс-шара ткiзiлiп, оған 720 мыңға жуық адам қатысқан. Мәселен, «Туған жер» бағыты аясында 66 жоба, 121 iс-шара жүзеге асырылуда.
Екiншi мәселе – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында бекiтiлген тұжырымдамаға сәйкес облыстың iс-шаралар жоспарының жобасы әзiрленген. Жиын барысында барлық аудан, қалаларға з iс-шаралар жоспарын әзiрлеу жүктелдi. Аталған iс-шара үш кезеңнен тұруы қажет. Бiрiншi дайындық кезеңi – 2017 жылғы 10 желтоқсанға дейiн, екiншi дайындық кезеңi – 2017 жылғы 10 желтоқсаннан басталып, 2018 жылдың 6 шiлдесiне дейiн белгiленiп отыр. Үшiншi кезең – 2018 жылғы 6 шiлдеден 31 желтоқсанға дейiнгi аралықты құрайды.
Жиынды қорытқан облыс әкiмiнiң орынбасары Ұласбек Сәдiбеков «Рухани жаңғыру» бағдарламасында нақтылаған 6 бағыт бойынша барлық аудан, қалаларға кураторлар бекiтiлгенiн мәлiм еттi. Сондай-ақ, ол жиналғандарды бағдарламаның дер кезiнде iске асуына күш салуға шақырды.