МЬЯНМА: БЕЙКҮНӘ МҰСЫЛМАН ҚАТЫГЕЗ РЕПРЕССИЯНЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛЫП ЖАТЫР

Мьянмада соңғы апталарда буддистер мен мұсылмандар арасындағы қақтығыстар салдарынан 400-ден астам адам мерт болған,-деп хабарлайды ресейлік "Дождь" телеарнасы.

 

Ол елдегі ахуалға қатысты үнсіз қала алмаған Түркия басшысы Тайып Ердоған мен Шешенстан президенті Рамзан Қадыров бұны "мұсылмандардың геноциді" деп атады. Ал Ресей астанасында жүздеген мұсылман Мьянмада этникалық рохинджа тобын қудалауға наразылық білдіріп, қала орталығында рұқсат етілмеген митингке шықты. Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мьянмадағы жағдайға қатысты пікір білдірді. – "БҰҰ Мьянмадағы үрейлі жағдайға қатысты өзінің нақты ұстанымын білдіру қажет. Қаншама бейкүнә мұсылман қатыгез репрессияның құрбаны болып жатыр", - деп жазды Тоқаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Пікір қалдырыңыз