АЙЫҚПАС ДЕРТТIҢ ШИПАСЫ — «АСД-2»...

Ерболат АЙНАБЕКОВ, «Оңтүстiк Қазақстан». Ауру адам жазылып кету үшiн қандай әрекетке де болсын баратыны түсiнiктi.  Суық тигiзiп алған науқастың өзi жанын қоярға жер таппай, дәрiханаларды шарлап кететiн кездерi де ұшырасып жатады. Олардың жанында айықпас дертке шалдыққандардың жан-дүниесiнiң аужайын айтпай-ақ ұғуға болады. Халық арасында малға арналған «АСД-2» атты дәрiнiң онкологиялық, гинекологиялық ауруларға ем екендiгi жөнiнде аз әңгiме айтылып жүрген жоқ. Тiптi, iс жүзiнде қолданып, дәрiнiң «шарапатын» көрген жандар да жоқ емес.

 

Алдымен «АСД-2» деген дәрiнiң шығу тарихына тоқталсақ... 1943 жылы кеңес билiгi барлық ғылыми институттарға құпия тапсырма бередi. Тапсырмада адам мен жануарлардың денесiн радиациядан қорғайтын дәрi ойлап табу жөнiнде айтылған. Алайда, бiрде-бiр ғылыми институт бұл үдеден шыға алмады. Тек 1947 жылы ғана бүкiлодақтық ветеринариялық институттың ғылыми қызметкерi А.Дороговтың командасы адам мен жануарлар денесiн радиациядан қорғап, иммунитетiн арттыратын дәрi ойлап тапты. Профессор дәрiнi құрбақа майынан өндiрген. Кейiнiрек негiзгi шикiзат ретiнде ұнды пайдаланған екен.

Аталмыш дәрi халық арасында тез тарап, ғалым үлкен танымалдылыққа ие болды. Омырау және жатыр обырының алдын алуға, қан тамырларының созылуы, онкологиялық, терi, асқазан, гинекологиялық ауруларды емдеуге бiр ғана дәрiнiң күшi жеттi. Және осы дәрiнi фармацевтiң не дәрiгердiң емес ветеринардың ойлап тапқаны жоғары шендi шенеунiктерге ұнамаса керек. Аталған дәрi туралы ғалымдардың пiкiрi екiге жарылып, А.Дороговтың жетiстiгiн қызғанғандар препараттың қолданылу аясын шектеп тастады. Тарих осылай дейдi.

Десек те, ел арасында бұл дәрiнi онкологиялық, гинекологиялық аурулардан айығу үшiн қолданғандар көбеймесе, азайған жоқ. Бұл дәрiнi тек ветеринариялық дәрiханалардан табуға болады.

Дәрi туралы ақпараттың анық-қанығын бiлу мақсатында Шымкенттегi малдәрiгерлiк дәрiханаларды аралап көрген едiк. Көргенiмiздi, естiгенiмiздi баяндайық. Дәрiнiң нарықтағы құны – 1000-1500 теңгенiң арасында. Дәрiхана сатушыларының айтуынша, бұл дәрiнi сатып алушылардың 99 пайызы оны адам ағзасына пайдалану үшiн алады екен. Малға деп алатындардың саны жоқтың қасы. Дәрiнi алу үшiн дәрiгердiң рецептiсi қажет емес көрiнедi. Ал, пайдалану тәртiбiн сұрағанымызда «Ғаламторда дәрiнiң қолдану ережесi туралы ақпарат мол» деген жауап алдық. Расында, бұл дәрiнiң қолданылуы туралы ақпараттар мен бейнероликтердi ғаламтордан көптеп кездестiруге болады.

Ал, дәрiнi қолданғандар не дейдi? Азатбек есiмдi азамат дәрiнiң көптеген ауруға ем болғанын айтады. «АСД-2» дәрiсiн онкологиялық ауруға ұшыраған анасын емдеу мақсатында сатып алыпты. «Алты айдан асты. Оң нәтиже бере бастағандай. Сондай-ақ, безеулердi жою үшiн өзiм де қолданып жүрмiн. Арнайы шприц арқылы суға 35-40 мл тамызып, iшу керек. Ағзаға ешқандай керi әсер еткен жоқ. Дәрiнiң ең жаман жерi — иiсi өте сасық. Иiске шыдасаң ауруға төтеп беруге болады» дейдi ол.

Кезiнде ғылыми институттың қызметкерлерi ойлап тапқан дәрiнiң қазiргi статусы «халықтық медицина» дәрежесiнде. Осы орайда дәрiгерлердiң де пiкiрiн бiлгендi жөн санап, Шымкенттегi облыстық онкологиялық диспансерге бас сұқтық.

Диспансердiң дәрiгерi Рахым Абдурасулов «АСД-2» дәрiсiнiң фармацевтикалық комитет бекiткен препараттар тiзiмiнде жоқ екендiгiн алға тартты. «Науқастарға ондай дәрiнi қолдануды ұсынуға ешқандай құқымыз жоқ. Бiзге бекiтiп берген дәрiнi ғана ұсына аламыз. Дәрiнiң пайдасы немесе зияны жөнiнде ақпарат бере алмаймын. Себебi, ол дәрi бiздiң саладағы мамандардың зерттеуiнен өтпеген. Өздiгiнен қолданып жүрген 4-5 науқасты бiлемiн. «АСД-2»-ден бөлек кiрпiнiң, жыланның етiн пайдаланатын адамдар да бар. Соңғы кезде түрлi қоңыздарды жейтiндер бар дегендi естимiз» дейдi дәрiгер.

Осы тұста тағы да тарихты сөйлетудi жөн санадық. Бұл дәрiнi эксперименттен өткiзу үшiн алғашқыда түрмелердегi ауруларға iшкiзген Кеңес өкiметi таңқаларлық нәтижеге кез болады. Тұтқындар ауруынан айығып, өлiм-жiтiм саны күрт азаяды. Осы сынақтан кейiн барып дәрiнi дәрiханаларда таратуға рұқсат берген. «АСД-2» дәрiсiн алу үшiн мәскеулiктер апталап кезекте тұрған деседi. Алайда, профессор Алексей Дорогов қайтыс болғаннан кейiн оның бастаған iсiн жалғастыратын ешкiм табылмайды. Осы себептi де «АСД-2» дәрiсi ресми түрде бекiтiлмей қалады. Тек ғалымның қызы Ольга Дорогова дәрiнi адамдарға пайдалануға болатын препараттардың тiзiмiне кiргiзу үшiн жанталасып баққан екен. Бiрақ, нәтижесiз.

Соған қарамастан дәрiнi өз ағзасына пайдаланатын адамдардың саны көбеймесе азайған жоқ. «Дәрiден зардап шектiк» дегендердi  кездестiру қиын. Дәрiнiң адам ағзасына зиян еместiгiн оның құрамында химиялық элементтiң жоқтығымен түсiндiруге болады.

Науқас адамға «тас шайна, жазыласың» десе, Құдай бiледi, шайнайды. Ал, қолда тұрған препаратты зерттеуге, пайдасын ашуға, сосын ол мәлiметтердi халыққа ұсынуға келгенде бiздiң ғалымдардың құлық танытпай отырғаны тiптi түсiнiксiз. «АСД-2» дәрiсi шындығында онкологиялық кеселдерге ем бе? Әзiрге сұрақтың басы ашық. Үн қосуға бiздiң денсаулық сақтау саласының мамандары дәрменсiз немесе құмбыл емес. «Жоқ, оның себебi басқада» десе, ол кiсiлердi де тыңдауға әзiрмiз. Ал, қазiрше бiздегi науқастар онколог дәрiгерлер ойлап тапқан дәрiнi емес, ветеринар ойлап тапқан дәрiнi iше тұрады да...

52 пікір

  • Махаббат Рахымбек
    Махаббат Рахымбек

    Сахарға ішуге болады ма?

  • Ербол Актау
    Ербол Актау

    Эрозияға Инсулть ка

  • Ербол Актау
    Ербол Актау

    Ассалаумағалайкум буйырса бастаймын енді

  • Сандугаш
    Сандугаш

    Капсуласын қайдан алсам болады

  • Акжаркын
    Акжаркын

    АСД свечасы өте керемет 1 ай тунде жатар алдын 1 ректально салып жатасың. Эффектісі мощна

  • Сайтекешова Гулназ Жолдасбаевна
    Сайтекешова Гулназ Жолдасбаевна

    Саламатсыздарма мен иштим асд 2 ни окпеде тесик бар деп балницага жаткарды сонда биреуден еситип интернеттен зерттеп карап болып кабылдадым Аллага шукирмин 1 айда тесик битип кетти шукир соны ишкенли жаксымын 3 ай ишип бир ай демалып тагы 4 ай иштим

  • Арсен Кеулимжаев
    Арсен Кеулимжаев

    Ассалаумағалейкум бауырда опухольы бар адам ішуге болама

  • Арсен Кеулимжаев
    Арсен Кеулимжаев

    Ассалаумағалейкум бауырында опомасы бар адамда ішуге болама

  • Айнур
    Айнур

    Эрозияға қолдануға болама қалай

  • Мақпал Тараз
    Мақпал Тараз

    Мен өзім ішкем тек исіне шыдасаңыз болды өте жақсы болдым.

Пікір қалдырыңыз