МЫҢ ТАҒЗЫМ СIЗДЕРГЕ, АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР!

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қай Жолдауына қарасаңыз да денсаулық сақтау мәселесiне соқпай кетпейдi. Бұл ненi бiлдiредi? Бұл — Қазақстанда қарапайым тұрғындардың денсаулығына мемлекеттiк тұрғыдан маңыз берiлетiндiгiн бiлдiредi. Жалпы, елiмiздегi секiлдi облыста да медицина саласы соңғы жылдары қарқынды дамып келедi. Көлеңкелi тұстан гөрi күнгей тұсымыз басым. Жаңашыл әдiстер мен тәсiлдерге, озық технологиялар мен заманауи жетiстiктерге, медицинадағы соңғы жаңалықтар мен тың iзденiстерге басымдық берiлуде. Бұл бiрiншi кезекте облыс орталығында, аудандар мен қалаларда, ауылдар мен шалғайдағы елдi мекендерде денсаулық күзетiнде жүрген, Гиппократ антына адал, жалпы медицина саласындағы 100 мыңнан аса қызметкердiң жанкештi еңбегiнiң арқасы деп бiлемiз. Олардың қызметiне басымызды иiп, тағзым етемiз.